Шымкент қаласы еліміздегі үшінші мегаполиске айналуы үшін сәулетті құрылыс пен инфрақұрылымдық жарақтандырылуы әлемдегі өркениетті қалаларға тән дамуы тиіс. Бұл ретте қалаға кіреберіс қақпалар мен жолайрықтарды, айналма және ішкі орам жолдардың сапалы жасалуына аса мән берген жөн. Сондай-ақ құрылыстың басталуын тым ұзартып жіберетін жобалау-сметалық құжаттамалар заманауи үлгіде әзірленуі керек. Бүгін бұл туралы Шымкент қаласындағы құрылыс нысандарының барысы талқыланған жиында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.Биыл Шымкент қаласында 20 әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 15 мектеп, 2 спорт, 2 мәдениет, 1 абаттандыру нысандары бар. Аталған 20 нысанның 11-і жыл соңына дейін ел игілігіне тапсырылатын болады. Ал қалған 9 нысанның құрылысы 2018 жылға өтпелі.Бұдан бөлек, қалада жалпы аумағы 151 мың 228 шаршы метрді құрайтын 42 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның 26-сы коммуналдық, 16-сы кредиттік тұрғын үй саналады. Соның 30 тұрғын үйі жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс. Қалған 16 үйдің біту кезеңі 2018 жылға өтпелі.«Биылғы жылы Шымкент қаласында 10 инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысы жалғасуда. Бүгінгі күнге 2 нысан пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін 1 нысанның құрылысы аяқталады деп күтілуде. Ал қалған 7 нысанның құрылысы 2018 жылы пайдалануға берілетін болады» , — деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да «Мемлекеттік тіл – Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты шара өтті
Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Мемлекеттік тіл – Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» аттымерекелікшараөтті. Сонымен қатар, іс-шара аясында облыстық этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдарының және облыс аумағында әрекет ететін тілдерді оқыту орталықтарының көрмесі ұйымдастырылды.«Тілдер туралы» ҚР Заңының қабылданғанына 20 жыл толуына орай биыл өңірдегі этномәдени бірлестіктер […]
Шымкентте көркем гимнастикадан халықаралық турнир басталды
Шымкент қаласында көркем гимнастикадан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Әлия Юсупованың жүлдесіне арналған VII халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Бүгінгі жарысқа Израиль, Қырғызстан, Ресей, Белорусия, Өзбекстан, Жапония, Вьетнам және Қазақстан құрамасының 100-ге жуық спортшылары екі […]
Шардаралықтар ұсынған өнімдер шымкенттіктердің көңілінен шықты
Әл Фараби алаңында Шардара ауданының іс-шарасы одан әрмен қарай жалғасын тапты. Мұнда ауылшаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Базар нарқынан төмен бағада ұсынылғандықтан тауарды сатып алушылар қатары да мол болды. Көздің жауын алатын киізден жасалған бұйымдарын саудаға […]
Пікір қалдыру