Кәсіпкерлер, кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген тұлғалар мен БАҚ өкілдерінің назарына!

Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен кәсіпкерлер палатасы бірлесіп кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастыруда. Кездесу, 12 қыркүйек 2017 жылы сағат 10:00 Қазақстан халқының Ассамблея үйінің ғимаратында (мекен жайы: Шымкент қаласы, Желтоқсан даңғылы, 9/3) облыс прокуроры орынбасарының міндетін атқарушы Туғанбаев Жанболат Сейдахметұлы мен кәсіпкерлер палатасының директоры Абубакиров Асқар Бегдаулетұлының төрағалықтарымен өткізіледі. Кездесуде кәсіпкерлікті жүргізуге жасалатын әкімшілік кедергілерді азайту бағытында прокуратура мен кәсіпкерлер палатасы тарапынан атқарылып жатқан жұмыс нәтижелері жөнінде біле аласыз. Сондықтан, барлық ниет білдірген тұлғаларды, осы кездесуге қатысуға шақырамыз.Сонымен қатар, кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін, біз білмейтін әкімшілік кедергілер жөнінде қосымша мәлімет қажет. Осыған байланысты, кәсіпкерлікке қатысты рұқсат құжаттарды рәсімдеу, мемлекеттік қызметтерді алу немесе мемлекеттік бақылаушы және қадағалаушы органдар тексеру барысында қолдан жасайтын әкімшілік кедергілермен кездескен тұлғаларды аталған жиналысқа шақырып, кедергілер жөнінде хабарлауды, не болмаса прокуратураның немесе кәсіпкерлер палатасының электронды мекен-жайына әлде телефонына ақпарат беруді сұраймыз: 7252152@prokuror.kz (жауапты. Ергешов Б.Ш., 53-96- 67, 87716389387), a.zharimbetov@palata.kz (Жаримбетов Азилхан Амирбаевич, 39-49- 90, 87074442720). Сіздердің әр-бір хабарламаныз біз үшін маңызды.

Оңтүстік – Қазақстан облысының прокуратурасы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*