Оңтүстіктегі аудан, қалалардың санитариялық тазалығын қамтамасыз ету үшін 5 мыңға жуық адам жұмылдырылмақ

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында өзіміз тұрып жатқан жерлерімізді абаттандыру, тарихи орындарды тазалықта ұстап, ретке келтіру айтылған. Осыған орай, Облыс әкімдігімен 2017 жылдың 21 тамызынан — 21 қыркүйек аралығында елді мекендер аумақтарында санитарлық тазалық айын жариялау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, аудан және қала әкімдіктеріне орындау үшін жолданды.Іс-шараға сәйкес, ағымдағы жылдың 12, 19, 26 тамыз және 2 қыркүйекте аудан, қалаларда сенбіліктер өткізілді. Облыс көлемінде 26 тамызда өткізілген сенбілікке 31 285 адам қатысып, 288 дана техника тартылды. Сенбілікте 1 543 км көше бойлары, 346,0 км жаяу жүргіншілер жолдары, 383 862 ш.м. үй іргелік аулалары, 592 көпқабатты үй аулалары, 45 003,4 км ирригация жүйелері тазаланып, 1 516,3 тн. қоқыстар шығарылған, 116,0 га саябақтармен скверлер, 191 дана спорт және балалар алаңшалары ретке келтірілген, 164 дана автобус аялдамалары мен 102 509 ш.м. үй қасбеттері, 25 386 түп ағаштар әктелді.Облыстағы елді мекендер аумақтарындағы тазалықты әр үйдің ауласынан бастау үшін тұрғындарды жұмылдыруға ауыл, көше билері, кондоминиум объектілерінің төрағаларымен шараларды ұйымдастыру қажет. Сонымен бірге, тұрғындарды ынталандыру мақсатында «Таза аула», «Таза үй», «Таза көше» сияқты конкурстар өткізіп, жеңімпаздарды марапаттап, бұқаралық ақпараттар құралдары арқылы кеңінен насихаттауды ұйымдастыру керек.

«Елді мекендер аумағында көшелерді ретке келтіру жұмыстарына ақылы қоғамдық жұмысқа жолданатын азаматтарды тартуға және бұл жұмыстарды жүргізуге қажетті жұмысшылар мен қаржы көлемін анықтау жөнінде аудан, қала әкімдіктеріне тапсырма берілген. Қазіргі таңға, тапсырылған мәліметтерге сәйкес елді мекен аумақтарының санитариялық тазалығын қамтамасыз ету үшін ақылы қоғамдық жұмысқа жолданатын азаматтардан 4 932 жұмысшы, әктеуге 29 639,8 мың теңге және бояуға 181 449,0 мың теңге қажеттігі анықталды. Қазіргі таңға, аудан және қала әкімдіктерінің берген мәліметтеріне сәйкес облыс бойынша санитарлық тазалық сақтауға барлығы 43 мекеме жұмыс атқарады. Жұмысшылар саны — 1916. Соның ішінде 4 қалада (Шымкент — 1007, Кентау — 90, Түркістан — 140, Арыс — 53) 1 290 жұмысшылар жұмыс істеуде. Қалған қала, аудандарда 626 жұмысшылармен қамтылған» дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары А.Аликулов.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*