ОҚО әкімі «Еврокристалл» зауытының өнімдерімен танысты

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Оңтүстік» индустриялды аймақта болып, ондағы бірқатар ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысты.Облыс әкімі бірінші болып индустриялды аймақтағы шыны ыдыстар шығару ісімен танымал «Еврокристалл» зауытының өнімімен танысқаны айта кеткен жөн. Өйткені, ондағы өндірілетін өнімдерді газдалған сусындар мен шырындар, алкогольдік және сүт пен дәрі-дәрмектер шығаратын зауыттар қолданады. Сонымен қатар, мұнда түрлі қалыпта – 200 мл-ден 3 литрге дейінгі түссіз және жасыл түсті бөтелкелер мен құтылар әзірленіп жатыр. Осынау өнімдерге Қазақстанның барлық аймағы мен Қырғызстаннан тапсырыстар келіп түсіп жатыр екен. Қазіргі таңда. жылына 60 млн дана шыны шығаруға қауқарлы өндіріс орнында 150 адам жұмыспен қамтылған.Өңір басшысын зауыт жұмысымен таныстырған  кәсіпорын иесі аймақ басшысына жұмыс істеу аясын кеңейтіп, көмірқышқыл газын өндіруді қолға алып жатқанын жеткізді.  Ол үшін кәсіпкер арнайы итальяндық құрылғыларды да сатып алуды жоспарлап қойыпты.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*