Африкалықтар өз өнімдерін шымкенттіктердің назарына ұсынуда

Шымкентте «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі Африка елдерінің көрме-жәрмеңкесі ашылды. Көрмеде Африка құрлығынан келген бірнеше республика өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынып отыр. Олар 20-дан астам компаниялар мен Эфиопия, Кения,  Танзания, Гвинея, Гамбия, Судан және Йемен елдерінің  қолөнер шеберлері.  Африкалықтар жаңа технологиялармен қатар, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй де сыйлай білгенін айта кеткен жөн.Көрмедегі  Африка базарынан  қолөнер бұйымдарын сатып алу мүмкіндіктері бар. Олардың шай, кофе және қолтырауын, питон терісінен жасалған сөмкелері мен киім-кешектері үлкен сұранысқа ие.«Халықаралық көрмеде қаншама елдер өз мәдениеттерін, ұлттық өзіндік ерекшеліктерін танытып өздерінің экономикалық және технологиялық даму деңгейлер мен жетістіктерін көрсетті. Бүгінгі күні Оңтүстік өңіріне сол көрменің бір бөлігін алып келіп отырған Африка елдеріне үлкен алғысымды білдіремін. Бүгінгі көрменің өту мақсаты, туризмді дамыту, мүмкіндіктерге жол ашу, бизнестік байланыстарды жетілдіру»,-деді облыс әкімі.Осы аралықта Африка елдерінен келген қонақтар өз салт-дәстүрлерін көрсетіп, таныстыратын болады. Сонымен қатар концерттік бағдарламалар және екі ел арасында қойылымдар ұсынылады.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*