Отырарда карантинді зиянкес өсімдіктерга қарсы күрес жүргізілуде

Отырары ауданы аумағындағы пайдаланылмай жатқан бос жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бағытында атқарылған жұмыстарға аудандық жер қатынастары және ауыл шарушылығы бөлімінің басшысы Батырбек Сыздық жан-жақты тоқталды. Бөлім басшысының айтуынша ауданымызда өз мақсатына пайдаланылмай бос жатқан жерлерді қайтару мақсатында ҚР қолданыстағы заң талаптарына сай жұмыстар жүргізілуде. Бұл жөнінде қоғамдық кеңес отырысында айтылды.Сонымен қатар, зиянкес өсімдіктермен күрес шараларына ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Отырар аудандық аумақтық инспекция басшысы Нұржан Дайрабаев тоқталып өтті. Инспекция басшысы аудан аумағындағы аса қауіпті карантиндік зиянкес өсімдіктер соның ішінде сарышырмауық (арамсояу) секілді өсімдіктермен күрес жұмыстарын сөз етті. Баяндамашы өз сөзінде карантиндік арамшөптер табылған алқаптар бойынша ҚР қолданыстағы заңына сәйкес ОҚО әкімінің 10.07.2017 жылғы №182 қаулысымен ағымдағы жылға карантин жарияланып, 110 га сарышырмауық өскен алқапқа карантиндік шектеулер қойылғандығын айтты. Сонымен қатар, карантиндік шөптердің тұқымы басқа жерлерге тарамау үшін онымен күресті тиісті мекемелер ғана емес жер иелері де бір кісідей атсалысып, карантин тәртібін қатаң сақтауға шақырды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша кеңес мүшелері өздерінің сауалдарын жолдап, оған тұшымды жауаптарын алып, баяндамашылардың атқарған жұмыстарына оң бағаларын берді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*