Мақтаарал ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды түрде жүзеге асып келеді

Мақтарал ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын және электронды түрде көрсетілетін қызметтер үлесін арттыру жөніндегі мәжіліс өтті. Аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Тегембаев жүргізен жиынға қала, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, аудандық қызмет ұсынушы бөлімдердің басшылары, халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері және қызмет алушы тұрғындар жиынғақатысты.ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» басқармасының бас маманы, топ жетекшісі Сарғалдақов Нұржан Қыдырбайұлы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» басқармасының бас маманы Жұмақұлов Арман Бабақұлұлы, Халыққа қызмет көрсету орталығы Мақтарал аудандық бөлімі басшысының орынбасары Қасымбек Нұржан Әнуарұлы баяндама жасап, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты көптеген жаңалықтармен жиынға қатысушыларды хабардар етті.

Аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Тұрымбетов Ерлан Әбдібақытұлының айтуынша, Мақтарал ауданы әкімдігінің дербес бөлімдері, қала, кенттер мен ауылдық округтері әкімдерімен ағымдағы жылдың 6 айында ҚР Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне» сәйкес 91 қызмет түрi көрсетiлген. 2017 жылдың 6 айында – 206 877 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның ішінде қағаз жүзінде, тікелей – 182 887 қызмет, «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациялары Цондар арқылы – 11 974 (6%) қызмет, электронды үкіметтің веб-порталы арқылы – 12 016 (6%) қызмет жүзеге асқан.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*