Мақтааралда мемлекеттіқ қызметті электронды түрде алу үшін халыққа насихат жұмыстары жүргізілуде

Мақтааралдағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен электронды түрде көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру мақсатында қала, кенттер мен ауылдық округтері әкімдерінің, дербес бөлімдердің және мектептердің информатика пәні мұғалімдеріне Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерімен слайд арқылы электронды цифрлық қолтаңба алу, e.gov.kz порталынан қызметтер алу мүмкіндіктері кеңінен түсіндіріліп, барлық елді мекендерде мектеп базасын пайдалана отырып, слайд арқылы тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліпті. Сонымен қатар, ауылдық округтерде кеңес беру және электрондық түрде қызметтерді алу бойынша 24 қала, кент, ауылдық округтері әкімдерінің 48 маманы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында оқытудан өткізілген.

Көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті арттыру барысында аудан әкімдігінің ресми Maktaral.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімі ашылып, онда қоғамдық мониторинг қорытындысы, жауапты мамандар, байланыс телефондары, инфографикалар, жылдық, тоқсандық есептер және салаға қатысты өзгеде ақпараттар орналастырылған. Сонымен бірге, веб-сайтта ЭЦҚ алудың тиімді тәсілдері мен ыңғайлы бейнероликтер орнатылып, қызметтер тізілімі арқылы қажетті қызметті таңдай отырып e.gov.kz порталына өту мүмкіндігі қарастырылған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*