Мәжіліс депутаты Мақтааралға барды

Мақтааралдағы Қазақ мақта  шаруашылығы ғылыми зерттеу институты жаңалықтарын өңірге барынша кеңінен ендіру үшін мемлекет тарапынан берілетін қолдауларды көбейту мәселесін айтқан ғалымдар мәжіліс депутатынан көмек сұрады. Өз кезегінде Құдайберген Ержан бұл мәселені Парламентте көтеріп шешіп беруге барыншы тырысатындығын айтты. Сондай-ақ, депутат аудандағы мақта алқабтарын аралап, мақташылардың мазасын алған «құрт» мәселесін өз көзімен көрді. Мақта құртымен күресу үшін мемлекет тарапынан берілетін көмектерді көбейтуге де ықпал жасайтынын атап өтті.«Биыл Мақтарал ауданында 94 мың гектар жерге мақта дақылы егілген. Мемлекет тарапынан көмек ретінде 32 мың гектар жерге химикаттар берілді, оның ішінде 12 мың гектары өрмекші кенесіне қарсы, 20 мың гектары көсек құртына немесе мақта көбелегін жоюға бағытталған. Ал, қалған жерлерге шаруалар өз қаражаты есебінен шығын шығаруда. Сондай-ақ, 65 535 гектар жерде биотәсіл арқылы мақташылар зиянкестермен күресуде. Құрметті Құдайберген Төлепұлы, мақтаның зиянкестеріне қарсы мемлекет тарапынан берілетін көмектерді арттыруға ықпал етуіңізді сұраймын» — деді аудан әкімі Ғ.Исмаилов.

Мақта құртының мәселесіне қанық болған депутат 1 ай бұрын пайдалануға берілген M-39 «Ташкент — Термез» бағытындағы халықаралық транзит дәлізінің хал-ақуалын көріп қайтты. «Сырдария» кеден бекетінде болған Қ.Ержан кеденнен өтушілерді әңгімеге тартып, бекеттің жұмысының сапасы туралы сұрады. Жолаушы Фархад Садиров кеденшілер тарапынан ешқандай кедергінің жоқтығын айтып, туған жері Жызақ пен Ташкенттің арасы 70 км-ге қысқарғанын қуанышпен жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*