ОҚО-да «Индустриялық-инновациялық» даму бағдарламасы шеңберінде 2015-2019 жылдары 135 жоба жүзеге аспақ

Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында жылдың соңына дейін 34,7 млрд. теңгені құрайтын  12 жоба іске қосылады. Бүгінгі таңда іске қосылған жобалардың 94%-ы жоспарлық қуаттылықты игеріп, 71 млрд.теңгенің өнімін өндірді. Өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 21 пайызға жеткен.

Бұдан бөлек, Батырхан Құрмансейіт «Оңтүстік»  арнайы экономикалық аймағында жалпы инвестиция соммасы 34,3 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба жүзеге асырылғанын атап өтті.  Яғни бұл кәсіпорындармен 22,7 млрд. теңгеге өнім өндірілсе, өндірілген тауарлар Германия, Англия, Корея, Түркия, Ресей сынды 15-тен астам елдерге экспортталған. Аталаған аймақта осы жылдың соңында жалпы инвестиция көлемі 2,6 млрд. теңге құрайтын 3 жоба іске қосылады деп күтілуде.«Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 2015-2019 жылдары Кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша құны                 1,2 трлн. теңгеге 17,5 мыңнан астам жұмыс орнын құрайтын  135 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламаның аясында 47,7 млрд. тг. құрайтын 49 жоба іске асырылды. Онда 1900-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылды. 2017 жылы 37  млрд. теңгенi құрайтын 17 жобаны іске қосу көзделген. Есепті кезеңде құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылды»,-деді облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*