ОҚО-да өнеркәсіп кәсіпорындары 510 млрд теңгенің өнімін өндірді

Бүгін ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы баспасөз конференциясын өткізді. Онда спикер Мемлекет басшысының 5 институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 3-ші бағытында көрсетілген индустрияландыру бойынша және даму үдерісі сақталған маңызды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер туралы баяндады.Басқарма басшысының мәліметінше, осы жылдың сегіз айында облыстағы өнеркәсіп кәсіпорындарымен 510,1 млрд. теңгенің  өнімі өндірілген. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібімен 353 млрд. тг. өнімі өндірілді. 

Сонымен қатар, ол өңірде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы сәтті жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 2015-2019 жылдары Кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша құны                 1,2 трлн. теңгеге 17,5 мыңнан астам жұмыс орнын құрайтын  135 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламаның аясында 47,7 млрд. тг. құрайтын 49 жоба іске асырылды. Онда 1900-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылды. 2017 жылы 37  млрд. теңгенi құрайтын 17 жобаны іске қосу көзделген. Есепті кезеңде құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылды»,-деді басқарма басшысы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*