«Ontustik Tourism. Invest 2017» туристік форумында 4 меморандумға қол қойылды

Оңтүстікте өтіп жатқан «Қазақстанның Ұлы Жібек жолына саяхат» халықаралық фестивалі аясында Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризм саласы өкілдері мен ҚытайӨзбекстан және Қазақстанның басқа қалалары арасында  4 меморандумға қол қойылды.Жалпы алғанда бұл меморандумдар тараптарға өз аймақтарының туризм өнімдерін бірге дамытып, инфрақұрылымын салуға,инвестиция жұмылдыруға мүмкіндік беретінін айта кету керек.Сонымен қатар, мұндай деңгейдегі іс-шара Шымкентте алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Форум өңірдің туризм саласын дамытуға және тәжірибе алмасуға, өзара тиімді әріптестікті тереңдетуге және шетелдік инвесторларды тартуға бағытталған.

Еске салайық, форумға Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік туризм басқармасы жетекшісінің орынбасары ДуЦзян, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің туризм индустриясы Комитетінің төрағасы М.Мұрзамадиева, Kazakh Tourizmұлттық компаниясының басқарма төрағасы Р.Күзембаев, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы қызметкерлері, халықаралық және қазақстандық туроператорлар,инвестициялық компаниялардың, туристік ұйымдармен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, жалпы 500-гежуық адам қатысты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*