Шымкентте жаңа әуежай салынбақ

Бүгінгі таңда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында қайта жаңғыртуды талап ететін 500 ескерткіш анықталып отыр. Олардың қатарында Шымкент қаласындағы «Ескі қалашық», «Қазығұрт» тарихи-этнографиялық кешені, «Қарауыл төбе», «Керуен сарай», «Қошқар ата», «Ордабасы» мемориалдық тарихи-мәдени кешендері де бар екенін де айта кеткен жөн. Бұдан бөлек, «Арыстанбаб» мавзолейінің кіре беріс бөлігі мен жолдарын абаттандыру көзделіп отыр.  Сонымен қатар, облыстық Сәулет және қала құрылысы басқарма Шымкент қала ішілік жолдарындағы 12 жолайырығының эскиздік жобасын әзірлепті. Оның ішінде 5 жолайырықтың құрылысын 2018 жылы іске асыру жоспарланған.«Бүгінде Шымкент-Қасқасу және Шымкент-Сайрам-Төлеби аудандарына шығатын баламалы жолдың жобасы әзірленді. Шымкент қаласы аумағындағы 6 шатқалға эскиздік жобалары жасалып, инвесторлардың есебінен іске асырылуда. Сонымен қатар, қолданыстағы әуежайдың Қорғаныс министрлігінің теңгерімінде болуына байланысты жаңа әуежайдың 3 нұсқасы дайындалып отыр», — деді облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Еркін Наурызбайұлы.

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*