Мақтааралдағы Ж.Ералиев ауылдық округі диқандары әр гектардан 28,3 центнерден өнім жинауда

Мырзашөл өңіріндегі ауылдық округтер арасында мақтадан мол өнім жинап, көш бастап келе жатқан Ж.Ералиев ауылдық округі диқандары әр гектардан 28,3 центнерден өнім жинауда. Сондай-ақ, Жаңажол ауылдық округінің шаруалары да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Мәселен, «Өргебас» шаруа қожалығының иесі Мейірбек Забынбеков 5 гектар жерге мақта егіп, 40 центнерден өнім алған.

«Биыл ауданның кейбір жерлерінде құрт мәселесі болғанымен шаруалар еңбекқорлығының арқасында өнімділікті сақтап қалды. Әрине, мемлекет тарапынан берілген көмектердің де үлесі зор. Өзім 5 гектар жерге мақта егіп бірінші терімнен 15 тонна алсам, екінші терімнен 5 тонна ақ алтын жинадым. Мақта қабылдау пунктіне 165 теңгеден өткізіп, 3 миллион теңгеден астам табыс таптым», — деді М.Забынбеков.

Айта кетейік, Мақтарал ауданында жалпы саны 94 мың гектар жерден мақта жиналып жатыр. Бүгінде бірінші терімді аяқтап, екінші терімді бастап жіберген шаруалар да бар. Аудан әкімдігі 220 мың тонна мақта жинауды межелеп отыр. Мақта теру науқаны жалғасуда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*