Биыл облыстағы білім нысандарына 31,9 млрд. теңге бөлінді. Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы 11-сыныпты бітірген 33 мың мектеп бітірушінің орнына 73 мыңнан астам оқушы бірінші сыныпқа қабылданған. Нәтижесінде өңірде оқушы орнына деген тапшылық байқалуда. Аталған мәселені шешу мақсатында 2017 жылы облыс көлеміндегі 79 білім нысанының құрылысына 31,9 млрд. теңге бағытталып, биыл 31 нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Бұл туралы блыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов мәлім етті. Басқарма басшысының айтуынша, 2017-2018 оқу жылында облыстағы 1038 мектепте 634 мыңға жуық оқушы білім алуда. Сондай-ақ, биылғы оқу жылында 992 мектеп жұмысы бес күндік оқу аптасына көшірілген. Оның ішінде жаңартылған білім беру жүйесіне көшкен 1, 2, 5 және 7-сыныптағы 300 мыңға жуық оқушы білім алады. Ал мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға келсек, ағымдағы жылдың 1 қарашадағы есебі бойынша облыста 1-6 жастағы 183 280 баланы қамтитын 1700-ден астам мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді.
Ұқсас жаңалықтар
Төлебилік мектептер жылу маусымына дайын
Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданындағы білім ұяларының материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға жақсарып келеді. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Биыл облыстық бюджет есебінен Алғабас, Бірінші Мамыр, Әл-Фараби жалпы орта мектептерінде оқу блогы, асхана, еңбек шеберханасы, […]
Шымкент республикалық бюджетке 6 жарым миллиардқа жуық қаржыны қайтарады
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен бюджеттік тәртіпті күшейту, оның атқарылуын жүйелеу және бюджетті жоспарлаудың тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған жиын өтті — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Қала басшысы жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың бюджетті жоспарлаудағы […]
Республикалық бюджеттен Шымкентке бөлінетін қаржыға сенатордың көңілі толмайды
ҚР Парламенті сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров Шымкент қаласының 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджеті бойынша Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері деңгейінде толық шешімін таппаған мәселені Үкімет басшысы Асқар Маминге жеткізді, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. ҚР […]
Пікір қалдыру