Биыл облыстағы білім нысандарына 31,9 млрд. теңге бөлінді. Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы 11-сыныпты бітірген 33 мың мектеп бітірушінің орнына 73 мыңнан астам оқушы бірінші сыныпқа қабылданған. Нәтижесінде өңірде оқушы орнына деген тапшылық байқалуда. Аталған мәселені шешу мақсатында 2017 жылы облыс көлеміндегі 79 білім нысанының құрылысына 31,9 млрд. теңге бағытталып, биыл 31 нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Бұл туралы блыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов мәлім етті. Басқарма басшысының айтуынша, 2017-2018 оқу жылында облыстағы 1038 мектепте 634 мыңға жуық оқушы білім алуда. Сондай-ақ, биылғы оқу жылында 992 мектеп жұмысы бес күндік оқу аптасына көшірілген. Оның ішінде жаңартылған білім беру жүйесіне көшкен 1, 2, 5 және 7-сыныптағы 300 мыңға жуық оқушы білім алады. Ал мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға келсек, ағымдағы жылдың 1 қарашадағы есебі бойынша облыста 1-6 жастағы 183 280 баланы қамтитын 1700-ден астам мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында сөйлемді ежіктеп әрең оқитын мұғалім директордың қызы болып шықты
Сарыағаштық мектептердің бірінде орыс тілі пәнін өзі ежелеп оқитын мұғалім балаларға сабақ беріп келген, деп жазады Оtyrar.kz сайты. Бүгінде мектепте оқу процесі қарқынды жүріп жатыр. Бірақ «Отырар» телеарнасының тілшісі барғанда білім ошағының басшысы жұмыс уақтысында […]
«ТАРЫДАЙ БОЛЫП КІРЕСІҢ …»
«Білім күні» мерекесінің әрбір адам өмірінде алар орны ерекше. Әсіресе, мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын балалардың жүрегінде бүгінгі күн мәңгіге сақталады. Бүлдіршіндер үшін бұл сәулелі сәт қана емес, сонымен қатар жарқын болашағына жасайтын маңызды қадам да. […]
Оңтүстік бюджеті талқыланды
Оңтүстік Қазақстан облысының бюджеті нақтылануда. Депутаттар алдағы 3 жылға арналған бюджетті нақытылауға кірісті. Биыл бюджет 6 жарым млрд. теңгеге ұлғайып, жалпы қазына көлемі 518 млд. теңгені құраған. Бүгін облыс мәслихатының аумақтардың дамуы және табиғатты пайдалану […]
Пікір қалдыру