Бүгін Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов Шәуілдір ауылындағы Арыс өзенінің жағалауын қайта құру жұмыстарының барысымен танысты. Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысанды құрылыс және су мамандарымен аралап шыққан аудан басшысы, бұл жоба аудандағы маңызы бар бірден-бір көрікті жобалардың бірі екенін ерекше айтып, құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін тиісті сала басшыларына тапсырды. Айта кеткен жөн, аталмыш жұмыстар бірінші кезекте ағысы қатты Арыс өзені жағалауын жойылып кетуден сақтап, су тасу қаупін азайту мақсатында қолға алынған болса, екінші жағынан маңызы бар жол бойын абаттандыру болып табылады. Өткен жылы Арыс өзенін мұз буған жоқ. Алдағы уақыттарда өзенді мұз буып, өзеннің бұрылысында орналасқан демалыс кешені мен тұрғын үйлерге қауіп төндірген жағдайда өзеннің жоғары жағынан арнасын бұру арқылы қауіпті сейілту жолдарын ойластыра отырып, нақты жоспар жасауды сала мамандарына міндеттеді.
Ұқсас жаңалықтар
Елбасының жолдауы білім сапасының артуына орасан үлес қоспақ
Елбасының белгілеп берген тапсырмасы арқылы қазына түсімі артып, сол бойынша жалақы көбейеді. Білім берудің сапасы артып, денсаулық саласына баса көңіл бөлінетін болады. Сондай-ақ, баспананың қолжетімділігі, ең төменгі жалақының 1,5 есеге артуы секілді бірқатар жұмыстар атқарылмақ. […]
Отырарлықтар рыс өзенінің жағалауын демалыс орнына айналдырып жатыр
Қазір Арыс өзенінің Отырар ауданы аумағындағы жағалауын көріктендіру-көкалдандыру жұмыстары қызу қолға алынып жатыр. Сол себепті, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған уақытта Арыс өзенінің маңы аудан тұрғындары мен қонақтары демалатын керемет демалыс аймағына айналатыны сөзсіз. Себебі, бүгінде […]
ОҚО әкімі жолдарды қайта құру жұмыстарын қыркүйектің соңына дейін бітіруді тапсырды
Оңтүстіктегі жолдарды қайта құру жұмыстарының барысына куә болған облыс мәкімі Ж.Түймебаев жол құрылысын салуда шетелдік компаниялардың тәжірибесін алға тартты. Яғни, ең күрделі деген құрылыс нысандарын қысқа мерзімде салып, қолданысқа беруге болатынын ескерген әкім аталған жолды […]
Пікір қалдыру