Бүгін Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов Шәуілдір ауылындағы Арыс өзенінің жағалауын қайта құру жұмыстарының барысымен танысты. Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысанды құрылыс және су мамандарымен аралап шыққан аудан басшысы, бұл жоба аудандағы маңызы бар бірден-бір көрікті жобалардың бірі екенін ерекше айтып, құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін тиісті сала басшыларына тапсырды. Айта кеткен жөн, аталмыш жұмыстар бірінші кезекте ағысы қатты Арыс өзені жағалауын жойылып кетуден сақтап, су тасу қаупін азайту мақсатында қолға алынған болса, екінші жағынан маңызы бар жол бойын абаттандыру болып табылады. Өткен жылы Арыс өзенін мұз буған жоқ. Алдағы уақыттарда өзенді мұз буып, өзеннің бұрылысында орналасқан демалыс кешені мен тұрғын үйлерге қауіп төндірген жағдайда өзеннің жоғары жағынан арнасын бұру арқылы қауіпті сейілту жолдарын ойластыра отырып, нақты жоспар жасауды сала мамандарына міндеттеді.
Ұқсас жаңалықтар
Е.Айтаханов Шымкент қалалық ҚХА жұмысын жоғары бағалады
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов, Қазақстан Халқы Ассамблеясы қалалық филиалында этнос өкілдерімен кездесті — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Жиында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов қала басшысына атқарылған жұмыс жөнінде қысқаша есеп беріп […]
Отырарлықтар рыс өзенінің жағалауын демалыс орнына айналдырып жатыр
Қазір Арыс өзенінің Отырар ауданы аумағындағы жағалауын көріктендіру-көкалдандыру жұмыстары қызу қолға алынып жатыр. Сол себепті, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған уақытта Арыс өзенінің маңы аудан тұрғындары мен қонақтары демалатын керемет демалыс аймағына айналатыны сөзсіз. Себебі, бүгінде […]
ОТЫРАРДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Отырар ауданында Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін жетілдіру, сондай-ақ басқару органдарын, күштері мен құралдаын даярлау мақсатында «Қыс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті. Онда қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алуға байланысты тиісті мекемелердің дайындықтары жан-жақты пысықталды. Ауданымыздағы […]
Пікір қалдыру