Қазір Арыс өзенінің Отырар ауданы аумағындағы жағалауын көріктендіру-көкалдандыру жұмыстары қызу қолға алынып жатыр. Сол себепті, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған уақытта Арыс өзенінің маңы аудан тұрғындары мен қонақтары демалатын керемет демалыс аймағына айналатыны сөзсіз. Себебі, бүгінде демалыс орынының инфроструктурасы қайта жаңғыртылып, заман талабына сай безендірілген. Мұнда қазір демалушыларға арналған орындықтар, жарық шамдары мен қоқыс жәшіктері қойылғанын айта кету керек. Десек те аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы мердігерлерге көшеттің бір – екі түрлерін ғана емес, әр түрлі декаративті ағаштар мен көшеттер отырғызудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Бүгінгі таңда Арыс өзенінің арнасын таспен қаптау жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Мұнан бөлек аудан басшысы Ерлан Айтаханов, демалушыларға арналған кешеннің көрікті жерінен Ұлы отан соғысының батырлары мен жауынгерлеріне арнайы ескерткіш пен мемориалдық кешен бой көтеруі тиістігін сала басшыларына мықтап тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар
Терең тарихтан – жарқын болашаққа
2017 жыл Түркі халықтарының басын біріктіретін «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының шешімімен Түркістан қаласы – «Түркі әлемінің мәдени астанасы» деп жарияланғаны белгілі. Аталған жоба Түркі әлемінің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастырып, түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығын нығайтуға, сондай-ақ, ортақ мәдениет […]
Отырарлықтарға әлеуметтік медициналық сақтандыру кеңінен түсіндірілді
Отырар ауданында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде келелі жиын өтті. Аудан әкімінің орынбасары Әбдіғали Жүнісов төрағалық еткен жиынға ауыл тұрғындары және медицина мамандары қатысты. Көпшілік алдында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде арнайы баяндама жасаған аудандық орталық […]
Отырарда халықаралық далалық семинар болып өтті
Отырар ауданында «Тұзданған топырақтарды жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы жүгері дақылының өнімін арттыру» тақырыбында халықаралық далалық семинар өтті. Семинарға Түркия, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстаннан ауыл шаруашлық өнімімен шұғылданатын компания басшылары мен менеджерлері, сондай-ақ, елімізге белгілі […]
Пікір қалдыру