Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай, бірінші кезектегі «Астана» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Осылайша бүгін шымкенттік 96 отбасы баспаналы болып отыр. Сонымен қатар, тұрғын үй кешеннің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа қоныс берекелі және ырысы мол үлкен ордаға айналуын тіледі.«Бүгін «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ы арқылы қалада салынған бірінші кезектегі 2 тұрғын үй пайдалануға беріліп отыр. Бұл үйлердің құрылысы тұрғын үй комбинаттарының өнімдерін қолдана отырып, іске асырылуы және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағытына ұқсас жүргізілуде»,-деді әкім.Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы құрылысқа 1,2 млрд. теңге көлемінде инвестиция салған еліміздегі алғашқы әлеуметтік корпарация болып отырғанын айта кеткен жөн.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да мемлекеттік қызметкерлердің құқығын қорғайтын пилоттық жоба қолға алынды
Еліміздің Астана қаласы, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жұмыс белсенділігін арттыру мақсатында пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Пилоттық жоба аясында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің азаматтарды қабылдау, көшпелі кездесулер өткізу кестелері бекітілген. Сондай-ақ, […]
ОҚО-дағы профессор, латын әліпбиіне көшудің 22 себебін айтып берді
Кирилл әліпбиінен латын әліпбиіне көшудің қажеттілігі: -қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашатындығынан; 2. — елдің әлемдік экономикаға енуіне мүмкіндік туғызатындығынан; 3. — әлдеқайда тұтасқан ұлттық өзгешелікке қол жеткізетіндігіне; 4. -қазақстан қоғамының басын біріктіретіндігінен; 5. […]
ОҚО-да жылына 5000 дана жиһаз шығаратын кәсіпорын жұмыс істеп жатыр
Шымкенттегі «Тассай» индустриялды аймағында Қазақстандағы ерекше жобалардың бірі болып табылатын «Мега Смарт» зауыты жұмыс істейді. Аумағы 89 га құрайтын «Тассай» индустриалды аймағында 24 инвестициялық жоба қолға алынған. Өндіріс орнында МДФ жылтыр плитасын және жиһаз шығарады […]
Пікір қалдыру