Бүгін Шымкент қаласындағы «Shymkent Plaza» сауда ойын-сауық орталығында 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне арналған «Тəуелсіздік тұғырын бекіткен Елбасы» атты фото көрме ашылды. Айта кету керек, Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шараның барысында тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бүгінге дейін еліміздің тұрақты дамуына негіз болып келе жатқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясаты мен идеясының айналасына қоғамды топтастырғандығының айғағын көрсететін, Тəуелсіз еліміздің жетістіктерін бейнелейтін шамамен 50-ге жуық сурет ұсынылып отыр.Сонымен қатар, бұл көрмеде Ұлт көшбасшысының көпұлтты, көпконфессиялы, тәуелсіз, демократиялық Қазақстанның қалыптасуы мен тұтастығын сақтаудағы рөлі, Қазақстанның сыртқы, ішкі саясаттағы жетістіктері жəне Мемлекет басшысының басқаруымен республикамыздың сан-салалы, көпқырлы дамуы көрсетілгенін айта кету қажет.Аталған іс-шараға облыс əкімі Жансейіт Түймебаев, облыс əкімдігінің өкілдері, Шымкент қаласының əкімі Нұрлан Сауранбаев, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Көрме мерекелік концерттік бағдарламамен ұласты.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкент қаласында 175 көшеде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Шымкент қаласында биыл 256 көше орташа және күрделі жөндеуден өтеді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды. «Өздеріңізге мәлім, қаладағы бірнеше басты жолдарда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Көптеген тұрғындардан […]
Шымкент «DARYN ONLINE» «BILIMLAND KZ» интернет платформаларын пайдалануда тағы да алға шықты
Шымкент қаласы «DARYN ONLINE» «BILIMLAND KZ» интернет платформаларын пайдалануда тағы да бірінші орынға көтерілді. Бүгінгі таңда мектептер төртінші тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында байқап, түбегейлі меңгеріп алды . Оның айғағы 6-сәуірден басталған қашықтықтан оқыту мен […]
Шымкент: Карантинде қоғамдық жұмысқа тартылған 100 сарбазға алғыс хат табысталды
Шымкент қаласында төтенше жағдай режимі кезеңінде залалсыздандыру жұмыстарына атсалысып, блок-бекеттерде қызмет еткен ерікті сарбаздардың еңбегі еленіп, марапатталды. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов төтенше жағдай кезінде қаланы залалсыздандыру жұмыстары мен блок бекеттерде еңбек еткен 100 […]
Пікір қалдыру