Шымкентте «Тəуелсіздік тұғырын бекіткен Елбасы» атты фото көрме ашылды

Бүгін Шымкент қаласындағы «Shymkent Plaza» сауда ойын-сауық орталығында 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне арналған «Тəуелсіздік тұғырын бекіткен Елбасы» атты фото көрме ашылды. Айта кету керек, Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шараның  барысында тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бүгінге дейін еліміздің тұрақты дамуына негіз болып келе жатқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясаты мен идеясының айналасына қоғамды топтастырғандығының айғағын көрсететін, Тəуелсіз еліміздің жетістіктерін бейнелейтін шамамен 50-ге жуық сурет ұсынылып отыр.Сонымен қатар, бұл көрмеде Ұлт көшбасшысының көпұлтты, көпконфессиялы, тәуелсіз, демократиялық Қазақстанның қалыптасуы мен тұтастығын сақтаудағы рөлі, Қазақстанның сыртқы, ішкі саясаттағы жетістіктері жəне Мемлекет басшысының басқаруымен республикамыздың сан-салалы, көпқырлы дамуы көрсетілгенін айта кету қажет.Аталған іс-шараға облыс əкімі Жансейіт Түймебаев, облыс əкімдігінің өкілдері, Шымкент қаласының əкімі Нұрлан Сауранбаев, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Көрме  мерекелік концерттік бағдарламамен ұласты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*