Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында ауыл шаруашылығының түйткілді мәселелеріне арналған жиын өтті. Іс-шараға ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы И.Әбішев, аудан әкімі Ғ.Исмаилов, Қазақстан фермерлер одағының ОҚО филиалының төрағасы Ж.Шәріпов және осы одақтың Мақтарал ауданындағы өкілі Ы.Стамқұлов қатысты. Сондай-ақ, қала, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауданның шаруалары бас қосқан жиында түйткілді мәселелер көтеріліп, шаруалардың мұң-мұқтажы тыңдалды.Еңбек ардагері, байырғы агроном Мекенбай Атабайұлы ауыл шаруашылығына қатысты бірнеше мәселелерді қозғады. «Мақтадан мол өнім алу үшін оның тұқымы жақсы болуы қажет. Әрине, аудан әкімдігінің бастамасымен биыл тұқым шаруашылығына қатысты жұмысшы топ құрылып, тұқым жетіспеушілігінің алды алынды. Дегенмен, жұмысшы топтан бөлек тұқым шаруашылығымен айналысатын мамандар штатын ашу керек. Екіншіден, біздің аудан аграрлы аудан болғандықтан, ауыл шаруашылығы техникаларына арналған қосалқы бөлшектер шығаратын өндіріс орындарын ашуды қолға алу керек» — деді М.Атабайұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралда 35 мың гектар жерге мақта егу жоспарланып отыр
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында мамыр айынан бастап шаруалар мақта егу науқанына жаппай кірісіп кетті. Биыл мақтааралдық шаруалар 35 мың гектар жерге ақ алтын шитін себеді деп күтілуде. Ол үшін 1 мың тоннаға жуық тұқымдық шит […]
Мақтааралдағы индустриялды аймақта келер жылы бірнеше жоба жүзеге аспақ
Мақтарал ауданының әкімі аппаратында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен қаржы ұйымдары 2017 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Жиынға аудан әкімі Ғалым Исмаилов, аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков қатысқан болатын. Сонымен қатар, жиында алғаш болып сөз алған […]
Мақтааралда «Мырзашөл жұлдыздары» атты ән байқауы өтеді
Бір кездері Мақтаарал ауданының орталығы Жетісай қаласында «Мырзашөл жұлдыздары» ән байқауы жылда дәстүрлі түрде өтетін. Десе де, соңғы 20 шақты жыл төңірегінде өнер байқауы ұйымдастырлмаған еді.Алайда, жуырда Жетісай жақтан «тоқыраулы тоқсаныншы жылдарда қалып қойған ән байқауы […]
Пікір қалдыру