Келіп түскен өтініштерді қарау нәтижесі бойынша Мақтарал ауданында орналасқан мекемелер мен кәсіпорындарда барлығы 43 тексеру жүргізіліпті. Қалған 62-і заң аясында түсіндірме беру бойынша келіп түскен өтініштер екен. «Еңбек заңнамасының сақталуы облыс көлемінде жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша кемшіліктердің басым бөлігі мынадай фактілер негізінен құралуда. Атап айтқанда, еңбек шартындағы сәйкессіздіктер, жалақы төлеу мерзімінің сақталмауы, демалыс беру мерзімінің сақталмауы, заңсыз тәртіптік шара көру, еңбек шартын заңсыз бұзу, жұмыс уақытының нормасын бұзу т.б.» — деді Р.Дурменов.Зәуре Маханова кәсіптік одақтың негізгі мақсаты — жұмыскерлердің құқығын қорғау, олардың мұң-мұқтаждарын билікке жеткізу екендігін атап өтті. Ал, А.Мамытбеков өз сөзінде аудандық білім бөліміне, басқа да мекемелерге келіп түскен арыз-шағымдарға дер кезінде мән беру керектігін баса айтты. «Егер, арыз-шағымдарға бейжай қарамаған болса, заңбұзушылықтар орын алмаған болар еді. Әрбір түскен арыздың артында бір отбасы, қаншама тағдырлардың жанайқайы тұрғанын ұмытпаған абзал» — деді басқарма басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
МАҚТААРАЛДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін Мақтаарал ауданы әкімінің аппаратында аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде алдағы қыс мезгілінде аудандағы тұрғын үйлерді және мекемелерді үздіксіз электр қуатымен, табиғи газбен, ауыз сумен, кәріз […]
Түркістан: Мақтаралдағы су басқан ауылдардың балалары қашықтықтан білім алуды жалғастыруда
Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендердің оқушылары эвакуациялық орталықтарда қашықтықтан оқыту жүйесімен білім алуды жалғастырып жатыр. Аудан аумағындағы су тасқыны салдарынан зардап шеккен Жеңіс, Нұрлы жол, Жаңа тұрмыс, Өргебас, Фердауси ауылдарында жалпы 5 мектеп орналасқан. […]
Арыстық жиырмадан астам отбасы солтүстікке көшуге ниетті
Түркістан облысы Арыс қаласынан Петропавл облысына 25 жанұя көшуге ниет білдіріп отыр, — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Бұл жайлы СҚО әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев, Түркістан облысынан арнайы келген БАҚ өкілдерінің алдында мәлімдеді. «Жыл бойы […]
Пікір қалдыру