Оңтүстік Қазақстан облысы Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы Мақтаарал ауданында осы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысын саралады. Жиынға Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков, Оңтүстік Қазақстан облысы Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың басшысы Алмасбек Мамытбеков, Оңтүстік Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрайымы Зәуре Маханова, Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік палатасы Мақтарал аудандық филиалының директоры Т.Бапаев қатысқанын айта кету керек.Сонымен қатар, жиында Оңтүстік Қазақстан облысы Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторы Р.Дурменов ауданымыздағы Еңбек заңнамасының сақталуы жөнінде баяндама жасады. Оның айтуынша, 2017 жылы Мақтаарал ауданынан барлығы 105 өтініш тіркелген екен. Оның ішінде 100-і жеке тұлғалардан түскен болса, 5-еуі заңды тұлғалардан келген көрінеді. Мұнан бөлек, жеке тұлғалардың өтініштерінің ішінде 67 өтініш білім саласынан, 12 өтініш денсаулық сақтау саласынан, 21 өтініш жеке балабақшаларға қатысты екені анықталып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда көшпелі семинар өтті
Түркістан қаласы әкімдігінде Оңтүстік Қазақстан облыстық Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының еңбек заңнамасының сақталуы жөніндегі көшпелі семинары болып өтті. Түрлі сала өкілдері бас қосқан алқалы жиынды қала әкімінің орынбасары Т.Мұсаев жүргізіп отырды. Оңтүстік Қазақстан облысы Еңбек […]
Түркістан: Мақтааралда су деңгейі төмендеді
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында тасқын су деңгейі едәуір төмендей бастады. Бұл туралы онлайн брифингте облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді. Жалпы 6128 тұрғыны бар 5 елдімекенді су басқан болатын. Олар: Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас […]
Түркістандық диқандар қаңтарда қырыққабат егіп жатыр
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының еңбекқор шаруалары қаңтардың қақ ортасында диқаншылықты бастап жіберді-деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ерте өнім беретін қырыққабат дақылын егу науқанына қазірдің өзінде 10-нан астам бригадалар […]
Пікір қалдыру