Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында ауыл шаруашылығының түйткілді мәселелеріне арналған жиын өтті. Іс-шараға ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы И.Әбішев, аудан әкімі Ғ.Исмаилов, Қазақстан фермерлер одағының ОҚО филиалының төрағасы Ж.Шәріпов және осы одақтың Мақтарал ауданындағы өкілі Ы.Стамқұлов қатысты. Сондай-ақ, қала, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауданның шаруалары бас қосқан жиында түйткілді мәселелер көтеріліп, шаруалардың мұң-мұқтажы тыңдалды.Еңбек ардагері, байырғы агроном Мекенбай Атабайұлы ауыл шаруашылығына қатысты бірнеше мәселелерді қозғады. «Мақтадан мол өнім алу үшін оның тұқымы жақсы болуы қажет. Әрине, аудан әкімдігінің бастамасымен биыл тұқым шаруашылығына қатысты жұмысшы топ құрылып, тұқым жетіспеушілігінің алды алынды. Дегенмен, жұмысшы топтан бөлек тұқым шаруашылығымен айналысатын мамандар штатын ашу керек. Екіншіден, біздің аудан аграрлы аудан болғандықтан, ауыл шаруашылығы техникаларына арналған қосалқы бөлшектер шығаратын өндіріс орындарын ашуды қолға алу керек» — деді М.Атабайұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістандық шаруалар 500 мың тоннаға жуық өнім экспорттады
Биылғы жылы түркістандық шаруалар 500 мың тоннаға жуық өнімді Ресей, Беларусь, Латвия, Германия мемлекеттеріне экспорттаса, 1 млн. тонна тауар еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтілді. Облыста тамшылатып суғару әдісі жаңадан 6 406 гектарға ендіріліп, жалпы аумағы 64,4 […]
Түркістан: Облыс әкімі эвакуациялық орталықтарды аралады
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Келес ауданына бекітілген Фердоуси ауылының халқымен жүздесті. «40 жылдық» ауылында орналасқан орта мектепте 530 тұрғын уақытша мекен тапты. Судан зардап шеккен Өргебас және Фирдоуси халқына таңдау берілді. Олар өзге елді […]
Түркістандық диқандар қаңтарда қырыққабат егіп жатыр
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының еңбекқор шаруалары қаңтардың қақ ортасында диқаншылықты бастап жіберді-деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ерте өнім беретін қырыққабат дақылын егу науқанына қазірдің өзінде 10-нан астам бригадалар […]
Пікір қалдыру