Түркістан облысында АӘК аз қамтамасыз етілген, оның ішінде көпбалалы отбасыларға төленеді. Критериі облыстың ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы деңгейінде қалады. АӘК мөлшері бұрынғыдай жан басына шаққандағы орташа табыс пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% арасындағы айырма ретінде төленетін болады.
Аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін қосымша әлеуметтік кепілдендірілген пакет ендіріледі. Пакет келесіні қамтиды: мектеп жасына дейінгі балалар үшін: балаларға арналған тамақ, гигиеналық құралдар; мектеп жасындағы балалар үшін – мектепте ыстық тамақ, мектеп құрал-жабдықтары мен киім-кешектері, жол ақысын өтеу. 18 жасқа дейінгі балаларға МӘМК енгізу аясында 2020 жылы 17 074 млн. теңге бөліну жоспарлануда.
Бұдан өзге, Түркістан облысында әзірленген аз қамтылған отбасылардың әл-ауқатын жақсарту және жұмыспен қамтамасыз ету үшін оларды кіші кәсіпкерлікке тарту жұмыстары жалғасатын болады. Бұл үшін өңірде АӘК енгізу аясында балалы аналарға үйде кәсіппен айналысу үшін АӘК біржолғы төлемі есебінен 15 шағын жобалар іске асырылуда. Бұл әйелдердің, оның ішінде ауылдық жерлердегі кәсібін дамытуға мүмкіндікті жоғарлатады.
Түркістан облысында инвестиция тартуға, өндіріс орындарын ашуға басымдық берілген. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына жасаған жұмыс сапарында осы саладағы бастамаларды тағы бір пысықтады. Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев өңірге жеке қаражатын салып, ірі инвестициялық […]
Түркістан облысында, әсіресе, облыс орталығында бой көтеріп жатқан нысандардың сәулеті қала кейіпіне сай болуы тиіс. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жиын барысында облыстағы сәулеттік жобалар жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, әкімшілік-іскерлік […]
Түркістан облысында әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жалғасып жатыр. Облыс орталығында бой көтеріп жатқан нысандардың құрылыс жұмыстарының барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауында тұр. Осы ретте, Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов спорт нысандарында […]
Пікір қалдыру