Шымкенттің әкімі қаладағы құрылыс сапасын журналистердің қалай бақылайтынын түсіндіріп берді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, шаһардағы құрылысы нысадарын аралап, жұмыс барысымен танысып жүр. Осы орайда, қала басшысы журналистерге құрылыс сапасын бірге бақылауға ұсыныс жасаған еді. Сол себепті, қала басшысынан БАҚ өкілдері құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау жұмыстарын қалай жүргізетінін айқындап беруін сұраған едік.

«Қазір қала әкімдігінің баспасөз қызметі журналистерді топ-топқа бөліп тізімін жасап жатыр. Ертең өздеріңізге ұсынады. Егер, сіздер келісп жатсаңыздар сол топтар құрылыс нысандарына бекітіліп, бақылау жүргізеді. Ал, БАҚ өкілдерін арнайы комиссия мүшелігіне өткізудің қажеті жоқ. Онда арнайы мамандар болады. Сонда бір жағынан комиссия, бір жағынан журналистер тобы бақылайды. Осының арқасында құрылыс жұмыстарына жан-жақсы бақылау болады. Мердігер мекеме оны сезінеді деп ойлаймын»-деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Айта кетейік, бұл аптада да қала әкімі журналистермен бірге көпір, жол құрылыстарының жұмыстарымен танысуды жоспарлап отыр. Оның ішінде құрылысы кешеуілдеп кеткен Төлеби ауданына баратын жолдағы көпірдің құрылысымен танысу жоспарда бар.

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*