ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕТПЕРДЕ МЕН ДЕЗИНФЕКЦИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ЗАҢСЫЗ САТҚАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

Шымкентте төтенше жағдай кезінде медициналық тауарларды (бетперде, антисептик, қолғап) заңсыз, рұқсат құжатсыз сатқандарға шара қолданылуда — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Шымкент қалалық экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, сегіз заңсыз медициналық тауарларды сату фактісін анықтады. Нақты айтсақ, отыз екі мың дана бетперде, мың жеті жүз отыз литр антисептикалық заттар жалпы сомасы сегіз миллион екі жүз жиырма бес мың теңгеге және жиырма мың дана медициналық қолғаптар жалпы сомасы жеті жүз қырық мың теңгеге саудаланған. Аталған деректер бойынша, ҚР ӘҚбК 463 бабына сәйкес, алты әкімшілік хаттама толтырлып, сот органдарында қаралуда.
1 іс-құжат ҚР ӘҚбК 424 бабының 1 тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көру үшін, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілтін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданған. Бұдан басқа, 1 іс-құжат бойынша әкімшілік жауапкершілік қаралуда.
Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*