Түркістан облысы, Ордабасы ауданында биыл 3 340 тонна алғашқы өнім жиналды. Көкөніс Қазақстанның басқа қалаларына да жеткізілуде. Ал, 250 тонна өнім Ресейге экспортталды. Ордабасы ауданында жылыжайлар саны артуда. Өткен жылы ауданда 20 га жылыжай іске қосылса, биыл бұл көрсеткіш тағы 10 га ұлғайған. Жылыжайлардың жалпы көлемі — 77,07 га.
Жылыжай салуға жер теліміне өтінім білдірген 63 азаматтың 19-ы өз қаржысы есебінен, 29-ы несиелеу арқылы жұмысын бастамақ. Несие алушы азаматтарға жергілікті әкімдіктің ұйытқы болуымен кеңес беріліп, мемлекеттік бағдарламалар ұсынылуда. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру тетігі де көзделген.
Мемлекеттік грант алуға «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде қысқа мерзімді оқуды аяқтаған жұмыссыз азаматтар өтінім бере алады. Бүгінге дейін өз кәсібін ашуға ниет білдірген 97 азаматтан өтініш түсіп, 71-не грант берілді. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін ұлғайту көзделген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру