Халықаралық дәрежеде кез келген елдің екі жағдайда туы көтеріліп, Әнұраны шырқалады. Оның бірі Мемлекет басшысы өзге елге ресми сапармен барғанда, екіншісі спорттық жарыстарда спортшысы жеңіске жеткенде. Демек, жоғарыдағыдай құрмет тәуелсіз ел екеніңді мойындағанда, сосын мықтылығыңды дәлелдегенде ғана көрсетіледі. Демек, осының екеуі де маңызды. Президенттерге көрсетілетін мемлекеттік дәрежедегі сый-құрметтің жөні белгілі, ал спортшылардың ел мерейін асқақтатуы – күллі әлемнің көз алдында өтіп, тікелей танылатын ерекше құбылыс. Аспан асты елінде өткен Азия ойындарында бар күш жігерімен елге жүлде сыйлаған спортшылар туған жеріне келді.
Байдарка және каное есуден Жазғы Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Шымкент әуежайынан спортшылардың ата-анасы, спорт мектебі басшылары, жанкүйерлері сән-салтанатпен күтіп алды.
Іс-шарада қалалық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев, қалалық ескек есу және су спорт түрлері федерациясының президенті Нұрғазы Бұхарбаев жеңімпаздарды құттықтап, алдағы бәсекелерде сәттілік тіледі.
– Ескек есуден ағайынды Емельяновтар әрдайым жоғары жетістіктер көрсетіп келеді. Олар кезекті рет Азия ойындарында өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді. Биыл жастар арасында әлем чемпионы атанған Руфина Искакова ересектер арасындағы сайыста күміс жүлдеге қол жеткізді. Алда тағы да жарыс жолына шығатын спортшыларымыз бар, – деді Б.Тұманбаев.
Естеріңізге сала кетейік, ұлттық құрама сапында Сергей Емельянов 500 метрге каноэде есуден алтын медаль, Сергей және Тимофей Емельяновтар жұптық жарыстың 1000 м бағдарламасында күміс жүлде, ал байдарка мен каноэде есуден жастар арасында әлем чемпионатының жеңімпазы болған Руфина Искакова Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.
Шымкент қаласында Қала күні мерекесіне орайластырылған онкүндік аясында алғаш рет ағаш өнеріне арналған халықаралық фестиваль өткізіледі. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары […]
Мемлекеттік қайтарымсыз гранттың үшінші легінде «Business.enbek.kz» порталына жалпы саны 1780 азаматтан өтініш түскен. Бүгін үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия отырысы басталды. 25 қыркүйектен 5 қазан аралығында өтеусіз қаражат алуға ниетті азаматтар өздерінің жаңа бизнес -жобаларын […]
27 ақпанда Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Мирас» университетінің ректоры Нұркен Халықберген жоғары оқу орны мен қала әкімдігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары халық арасында ғылым мен жоғары білімді насихаттау, […]
Пікір қалдыру