Биыл ауданда «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 20 балалар және 12 спорт алаңшасын орнату жоспарланған.
Қазіргі уақытта 14 балалар ойын алаңшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Олар:
1. Бәйдібек би даңғылы №246
2. Отырар ш/а №52
3. Жарқынбеков көшесі №17
4. Ақжар е/м, жаңақұрылыс аумағы
5. Ақтас е/м Дос аялдамасы
6. Арғымақ е/м, атауы жоқ көше
7. Қазығұрт е/м Шуақты көшесі
8. Мангельдин көшесі №40 үй
9. Құрсай е/м Ұзынағаш көшесі
10. Құрсай е/м Құлаңтөбе көшесі
11. Құрсай е/м Егізтөбе көшесі
12. Рысқұлов көшесі №2
13. Құрсай е/м Қарашығанақ көшесі
14. Жаңаталап е/м Қабылсай көшесі
Қалған 6 балалар ойын алаңшасының құрылысы жалғасуда. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады.
Сондай-ақ, жоспарланған 12 спорт алаңшасының бүгінде 8-нің құрылысы аяқталған. Бұл нысандар да биыл тапсырылады.
«Халық қатысатын бюджетті» енгізудің мақсаты — жергілікті атқарушы органдардың оны қалыптастыру аясында жергілікті бюджет қаражатын бөлу кезінде халықтың ауқымды қатысуын қамтамасыз ету. Атап айтқанда, тұрғындардың қаланы абаттандыруда жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатысуға мүмкіндігі бар. Осы орайда аумақты көгалдандыру, тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу, ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру, бордюрларды, қоқыс тастайтын жерлерді жою, ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату, балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру ескерілген.
Түркістан облысының тұрғындарына жайлы жағдай жасау мақсатындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Облысқа қарасты Кентау қаласында балалар ойын алаңшасының құрылысы қарқын алды. Ойын алаңшалары қаладағы Шүлембаев № 8, 10 және Т.Рысқұлов № 5, 7, 9, «Шахтерская» көшелерінің […]
Биыл аудан аумағында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 20 балалар ойын алаңшасы мен 2 заманауи спорт алаңшасын салу жоспарланған. Қазіргі таңда Самал-3 шағынауданындағы Абдраманов көшесінде спорт алаңы тұрғындарға пайдалануға берілді. Мердігер мекеме — «BAK Construction […]
Әл-Фараби ауданының «Көл» аумағында тұрғындардың өмір сапасын арттыру, балалардың қауіпсіз әрі жайлы жерде өсіп-жетілуі үшін маңызды қадам жасалды. Аудан әкімі Рашид Мыңбаевтың бастамасымен және «EL-KZ 2020» ЖШС демеушілігімен 10-нан астам балалар ойын элементтері мен тренажерлерден […]
Пікір қалдыру