Түркістан облысы, Шардара ауданында орналасқан индустриалды аймақта «Казкрахмал» ЖШС-нің ұйымдастыруымен жүгеріні терең өңдеу кешені жобасы жүзеге асуда. Жоба 2 кезеңнен тұрады.
1 кезеңді жүзеге асыру 2023-2024 жылдарға жоспарланған. Оған жүгеріні қабылдау, кептіру және сақтау кешендері кіреді. Ал 2 кезең бойынша 2024-2025 жылдары жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылысын жүргізіп, 2025 жылы аяқтау жоспарланған.
Зауыт жылына 150 000 тонна жүгеріні қабылдап, өңдеуді көздейді. Өңдеу нәтижесінде жүгері дәнінен 26 түрлі өнім шығарылады деп күтілуде.
Айта кетейік, 2023 жылы Шардара және көршілес аудандардан 3 мың тоннаға жуық қана жүгері қабылданған. Бұл – зауыттың толық іске қосылуы үшін шикізаттық базаның жеткіліксіздігін көрсетеді. Алдағы уақытта Шардара, Жетісай және Мақтаарал аудандарында жүгері алқаптарын көбейту көзделіп отыр.
Қазақстан Республикасынын Су ресурстары жене ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов Түркістан облысына іссапары барысында, Шардара ауданындағы бірнеше нысандарды аралады. Вице-министр аудандағы Шардара су қоймасы бөгетінің сейсмотұрақтылығын арттыру және реконструкциялау, сондай-ақ, «Шардара ауданынын 302 дана тік дренажды […]
Шардара ауданының диқандары мен кәсіпкерлері қарбыздың биылғы алғашқы түсімін жинап, нарыққа шығарды. Қазіргі таңға дейін аудан диқандары 8025 тонна бақша өнімін Қазақстан аумағына және Ресей, Беларусия, Балтық елдері мен өзге де ТМД елдерінің нарығына 12037 […]
Шардара қаласында саябақтар саны тағы біреуге артатын болды. Аудан әкімі Арман Қарсыбаев бүгін тиісті сала мамандарымен бірге жаңа демалыс аймағына арналған жерді барып көрді. Шардара-Шымкент трассасы мен Шардара-Жаушықұм трассасының қиылысқан тұсынан, «Болашақ» шағынауданынан ашылатын саябақта […]
Пікір қалдыру