Бұл жайлы жергілікті «TURKISTAN.TV» телеарнасы хабарлайды.
Заңсыз қоқыс алаңдарының бірі Жаңа қала аумағындағы көпқабатты зәулім үйлердің артынан табылған. Жергілікті әкімдік өкілдерінің айтуынша, үйілген қоқыстың дені шаһарда құрылыс жүргізіп жатқан компанияларға тиесілі екен.
«Былтыр да осындай қоқыс болатын. Оның бәрін тазалап, ретке келтірген болатынбыз. Енді мынау үйлердің арт жағынан көрінбей тұр ғой. Сөйтсек артқы жағына тастап кетіпті. Ертеңнен бастап ретке келтіру жұмыстарын жүргіземіз, апта ішінде ретке клтіреміз»,- дейді қалалық инфрақұрылым және коммуникация бөлімінің бас маманы Бауыржан Сембаев.
«Жекеменшік «HOWO» секілді жүк көліктері құрылысы жүріп жатқан нысандарға барып, мердігер мекемелерден ақшасын алып қоқысын сыртқа шығарады екен. Бірақ, мердігердің де, басқаның да қоқысты қайда төгіп жатқанында ешбірінің жұмысы жоқ. Сосын осындай жерлерден қоқыс шығады. Қазір мердігерлерге де талап қойып отырмыз. Тек біздегі қаланыңтзалық мекемесімен келісім-шартқа отырып, қаланың свалкасына төгіңдер деп»,- дейді Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков.
Былтыр болса, Түркістан қаласының аумағында 47 заңсыз бей-берекет жатқан қоқыс қалдықтары анықталан. Жалпы қоқыс орынарын ғарыштық мониторинг арқылы Экология департаменті анықтап, жергілікті әкімдікке хат жолдаған. Заңсыз қоқыс орындарын тазалау үшін уақыт беріледі екен. Осы аралықта тазалап үлгермесе, әкімшілік шара қаралатын көрінеді.
Пікір қалдыру