2015-жылы құрылған Кентау қаласындағы индустриялды аймақтың аумағы 43 гектарды құрайды. Алайда, соның 29 гектар жеріне ешқандай өндіріс орны салынбаған.
Онда инвестиция тарту жұмыстарының баяу жүріп жатқаны соншалық, 9 жылда 9-ақ жоба іске асыпты. Ал қалған атшаптырым жер әлі күнге бос жатыр екен.
Қала әкімі Жандос Тасов, жыл соңына дейін онда 3 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырғанын айтады. Биыл индустриялды аймаққа газ тартуды да көздеп отыр.
Пікір қалдыру