Биылғы жылдың жоспарына сай, Сауран ауданы ауылшаруашылығы өнімінің көлемін 112 миллиард теңгеге жеткізуі тиіс. Бұл жайлы Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы мәлімдеді.
Өкінішке орай өңір басшысының сөзіне сенсек, 5 айда жоспар бар-жоғы 8-ақ пайызға орындалған. Яғни, алғашқы жарты жылдық бітіп қалды. Ал саурандықтар 9,2 миллиард теңгенің ауылшаруашылығы өнімін өндірген.
Жоспар 50 пайызға жетпесе де, тым болмаса 30 не 20 пайызға да орындалмаған. Мәселен, алдағы 6 айда Сауран ауданы 100 миллиард теңгенің ауылшаруашылығы өнімін өндіреді дегенге сіз сенесіз бе? Әрине жоқ. Дархан Амангелдіұлы да сенбейді. Сондықтан қарамағандағылардан нақ осы көрсеткішті қайта тексеріп көруді сұрады.
Себебі, бұл дегеніңіз ауылшаруашылығы саласындағы жұмыстардың өте төмен екенінің айғағы. Тіпті, нөл көрсеткіш десе де болатындай.
Аумағында бірде-бір қала жоқ, тек елдімекендерден құралған Сауран ауданы халқының негізгі күн көрісі ауылшаруашылығы екенін ескерсек, парадокс. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров барды ұқсата алмай отыр деуге әбден болады.
Ал ауылшаруашылығының негізгі капиталына 2024-жылдың соңына дейін 21 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланған. Іс жүзінде 5 айда 48 миллион теңге ғана тартылған. Бұл көрсеткіш те облыс әкімі Дархан Сатыбалдыны есеңгіретіп тастағандай болды. Өз сөзіне өзі сенбей, бұл статистиканы да тексеруді талап етті. Көшілік алдында ел «іскер әкім» деп мақтаған Мақсат Таңғатаов үшін Дархан Сатыбалды ұялғандай болды.
Ұялмай қайтсын? Өзі қол қойып бұйрық шығарып, ауданға әкім етіп өзі тағайындады емес пе? Сенімді ақтамау, сатқындық жасағанмен тең!
Сондай-ақ, 2024-жылдың 5 айында Сауранда өнеркәсіп өнімінің көлемі 20 пайызға, өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 27 пайызға кем орындалған.
Пікір қалдыру