Халық қалаулылары елдің мұңы мен тұрғындардың өтінішін тыңдап, билікке жеткізетін айшықты көпір. Елдің дамуымен қатар, қаржыны дұрыс бағытқа игерілу, жұмыссыздық пен қоғамдағы мәселелерді де қозғайтын халық өзі сайлаған депутаттар. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыхалық қалаулыларын арнайы қабылдап, өңірдің дамуы жөнінде пікір алмасты.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Темір Қырықбаев пен Нұрсұлтан Байтілесов Түркістан облысының аудан, қалаларын аралап, халықпен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның орындалу барысын қадағалаған болатын.
Облыс әкімі аймақты дамыту бағытындағы жұмыстарды баяндады. Өндіріс орындарын ашу, ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту, ауыз сумен және газбен қамту, мектептер мен әлеуметтік нысандар салудағы жұмыстарды баяндап, Түркістанның инвестициялық әлеуетін көтеру шараларына тоқталды. Жергілікті бюджет пен кіріс көлемін ұлғайту мәселесі де назардан тыс қалмады. Сонымен бірге ағын су саласындағы түйткілдер де сөз болды.
Депутаттар қалалар мен елді мекендерді аралау барысындағы халық тарапынан айтылған мәселелер туралы ой қозғады. Өңірде сайлауалды бағдарлама жүйелі жүзеге асып жатқанын, тұрғындардың көзқарасы дұрыс екенін жеткізді. Сонымен бірге Түркістан қаласының ерекше мәртебесін айшықтайтын Заң жобасына депутаттар мен қоғам тарапынан қызығушылық жоғары екенін айта келе бұл маңызды Заң жобасы бойынша белсенді жұмыс жүргізетіндерін атап өтті.
Жыл санап емес, тіпті ай санап Түркістан түрленіп, туризмге қатысты ірі жобалар іске қосылып жатыр. Киелі қалаға келген туристердің саны да айтарлықтай көбейген. Түркістан облысы тарихи және мәдени мұраға бай өлке. Облыс аумағында 1663 тарихи және мәдениет ескерткіштері орналасқан. Өңірде туризм саласы үш бағытта қарқынды дамуда. Атап айтқанда, Түркістан, Кентау қалалары мен Отырар, Ордабасы, Бәйдібек аудандары бағытындағы тарихи-танымдық туризм, Сарыағаш курорты аумағында емдік-сауықтыру туризмі және Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт аудандарында экологиялық туризм. Табиғатымен қоса ерекше демалу аймағы бар облыстың даму деңгейін одан әрі көтеруге бағытталған кездесу оң өзгерістер алып келетіні анық.
Түркістан облысында жылына қуаттылығы 20 мың.тн. етті бағыттағы құс фабрикасы («Стандарт ойл»ЖШС), 500 га заманауи жылыжай кешені (YDA INSAAT түрік компаниясы), «Жылына 2,5 мың тн. түйе сүтін қайта өңдеу кешені» жобалары дайындалуда. Азық-түлік белдеуін қалыптастыру […]
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай онлайн форматта көркемсөз оқу шеберлерінің «ҰЛЫЛАРДЫҢ ҰЛЫСЫ-АБАЙ» атты аудандық байқауы өткізіледі. Байқаудың өткізу ҚАҒИДАСЫ⬇⬇⬇ 1. Жалпы ережелер 1.Осы көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауының қағидасы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай бағытталған […]
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Қытайлық «Бачжоу» халықаралық сауда палатасы өкілдерімен кездесті. Кездесу барсында Түркістан облысы мен ҚХР арасында инвестициялар тарту, тәжірибе алмасу және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады. Өз кезегінде Қытайлық кәсіпкерлер […]
Пікір қалдыру