Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов Жетісай қаласы, Қожанов көшесі бойындағы реновация бағдарламасына ұсынылған №27, №29 тұрғын үйлердің тұрғындармен кездесіп, мәселенің оңды шешілу жолдарын талқылады.
1954 – 1957 жылдары салынған қос қабатты көппәтерлі тұрғын үйлерде бүгінде 16 жекеменшік пәтер бар. Көп жылдардан бері тұрғындар тарапынан тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен соңғы 6-7 жылда апаттық жағдайға жетіп, қабырғалары жарылған. Сылақтары түсіп, шатыры ескірген. Едені жарамсыз күйде.
Аудан басшысы тиісті сала мамандарымен бірге тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, апатты баспананың мәселесін оңтайлы шешу бойынша тиісті жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтты. Апатты үйдің орнына жаңадан көппәтерлі тұрғын үй салуға жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып жатқанын, қолдау тапқан жағдайда құрылыстың басталатынын жеткізді.
«Біз қазір осында тұрып жатқан тұрғындардың баспана мәселесін тезірек шешудің түрлі жолдарын қарастырып жатырмыз. Мейлі ол мемлекеттің, мейлі кәсіпкерлердің есебінен болар шешілетін күнін ұзартпауға әрекет жасаймыз.
Жаңа тұрғын үйдің құрылысы аяқталғанша осындағы тұрғындарды уақытша жалдамалы пәтерге көшіріп, пәтер ақысын төлеп тұруды аудан өз міндетіне алады. Біз осындай қорытындыға келдік» деді аудан басшысы.
Айта кетейік, 50 мыңға жуық тұрғыны бар Жетісай қаласындағы 133 көппәтерлі тұрғын үйде 1500-ге тарта азамат тұрады. Қазірдің өзінде аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес тұрғындармен жүргізілген түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде кондаминиум бағдарламасы аясында мемлекеттік акт алынған 71 көппәтерлі тұрғын үйдің 44-не оң қорытынды берілген. Ал, 18 үйге жерге орналастыру жобасы жасалған. Алдағы уақытта бағдарлама аясында барлық көппәтерлі тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өткізілетін болады.
Жетісай ауданы, Қарақай ауылдық округінде пайдалануға берілген спорт алаңшасының салтанатты ашылу рәсіміне Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров пен ауыл ақсақалдары, […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Жетісай ауданы аумағындағы қала, кент және барлық ауылдық округтерде жаппай сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстарын жүргізу ісі кеңінен қолға алынуда. Аудан тұрғындары […]
Жетісай қаласындағы сұлулық салондарының бірінде қасын боятқан келіншек өлім құша жаздады — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. 25-наурыз күні сағат 17:00 шамасында Жетісай қаласындағы сауда орталықтарының бірінде орналасқан сұлулық салонында қасын боятқан Құралай Өтегенова есімді […]
Пікір қалдыру