Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясына белсене қатысқан Жаңа ауыл ауылдық округінің тұрғындары санитарлық жұмыстарын жыл соңына дейін үздіксіз жалғастыратынын айтады.
Округке қарасты Мырзашөл елді мекенінде өткен бүгінгі сенбілік жұмыстарына 300-ге тарта адам мен 7 техника жұмылдырылып, жол бойлары мен гүлзарлар, тарихи ескерткіштердің аумағы шөптерден, қураған ағаштардан тазаланып, көшелер мен арық-атыздардан 30 тонна күл-қоқыс шығарылды.
«Қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың парызы. Осы орайда, ауданның барлық тұрғындарын тазалықты сақтауға және табиғатты қорғауға өз үлестерін қосуға шақырамыз. Сенбілік тек белгіленген күндері ғана емес, күнделікті жүргізіліп тұруы керек. Ол үшін әрбіріміз өз ауламызды, үйіргелік жерлерімізді таза ұстауымыз керек» дейді Жетісай аудандық мәслихатының депутаты Қаршыға Ақтөреева.
Мырзашөл елді мекенінде өткен бүгінгі туған жерді түрлендіріп-көгалдандыру, санитарлық тазалықты сақтау ісіне тек мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар ғана емес, округтен сайланған аудандық мәслихаттың депутаттары мен шекара шебін күзеткен сарбаздар да белсене қатысты.
«Туған елді, жерді түлету – тапсырма емес, жүрегі елім деп соғатын әрбір азаматтың ортақ міндеті, парызы екенін ұмытпағанымыз абзал» дейді халық қалаулылары.
Өзіміз өмір сүретін ортаның тазалығын сақтау – бірінші кезекте өзіміз үшін, сонымен қатар, айналамызда мекен еткен әрбір тіршілік иесі үшін аса маңызды.
Жергілікті тұрғындар арасында санитарлық тазалықтың сақталуының дені сау ұрпақ өсірудегі маңыздылығы мен қажеттілігін ұғындыруды мақсат еткен Мақталы ауылдық округіне қарасты Шолпанқұдық елді мекенінің тұрғындары бүгін ауқымды сенбілік өткізді.
Санитарлық тазалық жұмыстары барысында қатысушылар елді мекен шегіндегі ішкі жолдар мен арық-атыздардың бойын, үйіргелік жерлері мен аулаларын ретсіз тасталған тұрмыстық қатты қалдықтардан, шөптерден, қураған ағаштардан тазартты.
«Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясын тек белгіленген мерзім аралығында ғана емес, жыл бойы жалғастыруды аудан басшысы қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне тапсырған болатын.
Тапсырма жергілікті тұрғындар тарапынан да үлкен қолдау тауып, тазалық жұмыстарын күнделікті жүргізіп келеміз» дейді Мақталы ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Абдумажитов.
Айта кетейік, аталмыш сенбілікке 80-нен астам мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері, жергілікті тұрғын, 5 техника қатысып, 23 тонна қоқыс шығарылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық эклологиялық шарасы бүгін жоғары деңгейде өтті. Жетісай қаласын ұлғайтуға арналған 80 га жер теліміндегі көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына жүргізілген экологиялық шараға Жетісай ауданының әкімі […]
Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен бүгін жалпықалалық сенбілік күні өткізіліп, тазалық шараларына қала тұрғындары белсене қатысты. Сенбілік барысында әр аудан аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандар аумағы, гүлзарлар мен саябақтар, көп қабатты тұрғын үй аулалары және көше […]
Бүкіл әлемдегі сияқты біздің елде де энергия өндіру қажеттілігі жыл сайын артып келеді. Сонымен бірге қоршаған ортаға энергия өндірудің зияны тиіп, экологиялық ахуал нашарлауда. Баламалы энергия көзі болған күн және жел энергетикасын дамыту және өндіру […]
Пікір қалдыру