2024 жылғы 19 қыркүйек күні Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен Мырзакент кенті, Ж.Нұрлыбаев а/о, Достық а/о, Жаңажол а/о, Иіржар а/о және Еңбекші ауылдық округтеріне қарасты учаскелік референдум комиссияларының хатшыларының қатысуымен «Республикалық референдум: құқықтық негіздері мен референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында оқыту — семинары өткізілді.
Семинарға 26 комиссия хатшылары қатысты.
Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының хатшысы Г.Калдарбекова референдум науқанында атқарылатын жұмыстар бойынша, атап айтқанда: байқаушыларды, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тіркеу, қоғамдық бірлестік өкілдерімен, мүмкіндіктері шектеулі азаматтармен және цифрлық құжаттармен жұмыс жасау, дауыс берушілерге бюллетендерді беру, үйден дауыс берушілермен жұмыс жүргізу, дауыстарды санау, есептен шығару куәлігін беру, дауыс берушілерді тіркелген жері бойынша мәліметтерді тексерудің онлайн-сервисінің жұмысы жөнінде түсіндірді.
Оқыту семинарында Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының төраға орынбасары Ш.Сатыбалдиев Республикалық референдум туралы заңнамадағы жаңашылдықтар мен республикалық референдум қарсаңындағы үгіттің негізгі аспектілері туралы түсіндірді.
Семинар барысында тыңдаушылар тарапынан сұрақтар қойылып, сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Ш.Сатыбалдиев оқыту семинарды қорытындылай келе барлық қатысушыларға алғысын білдіріп алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Орталық референдум комиссиясының мәліметінше еліміз бойынша дауыс берушілердің қатысуы бойынша көшбасшы мен белсенділігі төмендер анықталып жатыр. Соның ішінде Шымкент бойынша дауыс беруге қатысушылар 64,38 пайыз болып тұр. Таңертеңнен басталған дауыс беруге шымкенттіктер белсінді қатысуда. Олардың […]
2024 жылы Мақтаарал ауданы бойынша жалпы 2 мың гектар алқапқа тамшылатып суғару технологиясын енгізу жоспарланған болса, бүгінгі таңда 1,5 мың гектарға су үнемдеу технологиясы енгізілген. Атап айтқанда 500 гектар мақта, 1000 гектар бақша, көкөніс дақылдары. […]
Референдум арқылы мемлекеттік және қоғамдық өмір мәселелерін шешуді халыққа ұсыну тікелей демократияның нысаны болып табылады. Саяси құқықтар мен бостандықтар жүйесінде азаматтардың референдумға қатысу құқықтары ерекше орын алады. Сондықтан, азаматтардың референдумға қатысуы тек дауыс беру ғана […]
Пікір қалдыру