AMANAT» партиясы жаңа оқу жылы қарсаңында «Баланы мектепке даярлайық!» жалпы республикалық қайырымдылық акциясының басталғаны туралы хабарлаған болатын.
«AMANAT» партиясы «Бақытты отбасы» жобасының аясында біршама игі істерді жүзеге асырып келеді. Солардың бірі — «Баланы мектепке даярлайық!» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы».
Акцияның басты мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасылардағы балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектесу болып табылады.
Осы орайда, бүгін «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Сәрсенов Мұхтар Кенжетайұлы биыл 15-ші мәрте ұйымдастырылып отырған акция аясында 10 оқушыға арналған сөмкелер мен аяқ киімдерді табыстады.
Аталған игі іс-шараға аудандық партия төрағасымен біргелікте, Еңбекші ауылдық округінің әкімі Берик Агенов те қатысты.
Еліміздің әр перзенті бақытты балалық шаққа, бірегей білім мен жарқын болашаққа деген сенімге лайық. Олардың осы сеніміне шүбә келтірмей өсуі – біздің басты мақсатымыз.
Елінен қамқорлық көрген ұрпақ, халқының болшағы үшін аянбай еңбек ететіні, өздері де келешек ұрпаққа осы қамқорлықты көрсетуге ұмтылатыны сөзсіз!
Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында, жастар көп шоғырланған орындарда түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы үнпарақтарышалар таратты. Мақсаты-жастарды мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы және мамандық таңдау мәселелері бойынша […]
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты ардагерлердің ерліктерін дәріптеу және өмірден өткендерін еске алу мақсатында Мақтаарал ауданында спорттың волейбол түрінен жарыс өтті. Құқық қорғау органдары, аудан әкімі аппараты, кенттер мен ауылдық округ […]
Шымкент қаласы ТЖ департаменті едел-құтқару жасағының 12 құтқарушысы және 2 техникасы Мақтаарал ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Құтқару бөлімшесінің басшысы Е. Оспановтың басшылығымен құтқарушылар 4 мамырда жергілікті халыққа көмек көрсету үшін Жеңіс елді мекенде таңнан кешке […]
Пікір қалдыру