Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісінде экологияның өзекті мәселелері, «Шымкент Бас Жоспары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен жаңа жұмыс орындарын құру жоспарының 7 айлық қорытындысы талқыланды.
Экология департаментінің басшысы Е.Қозыбаев мегаполистің экологиялық ақуалын баяндап, тексеру барысында анықталған бұзушылықтарға тоқталды. Санитарлық қорғау аймақтарын бекітуге, өзен сулардың жағдайын жақсартуға, тұрмыстық қалдықтарға қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Н. Жүнісбеков «Шымкент Бас Жоспары» мекемесі тарапынан атқарылған жұмыстарды баяндады. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты – қала құрылысын, сәулеттік келбетін жақсарту, жер қатынастары және қала аумағын тиімді пайдалану саласын жетілдіру болып табылады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ж.Утебаева жаңа жұмыс орындарын құру жоспарының орындалуына тоқталды. Жалпы, биыл қалада 26 482 жұмыс орнын құру жоспарланған. Жоспар екі бағытта — азаматтардың жеке бастамасымен және қаланың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары шеңберінде жүргізілуде. Жұмыс орындарының құрылуына мүдделі салалық басқармалардың тиісті іс шараларды жүйелі түрде атқаруына қатысты тапсырмалар берілді.
Қала әкімі сондай-ақ жауаптыларға жастарға қарастырылған білім гранттарын беруді тездету, жол құрылыстарын мерзімге сай атқару, тұрмыстық қалдықтарды жинастыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.
Городской аким Габит Сыздыкбеков продолжил свою рабочую поездку по городу, чтобы ознакомиться с ходом реализации ряда объектов и проектов. В этот раз он посетил несколько ключевых точек Шымкента, оценивая состояние общественных мест и получая обратную […]
Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысы Мақтаарал ауданына апатты-құтқару жұмыстары үшін арнайы техника мен қосымша күш жіберді. Бүгін, яғни 05.05.2020 ж. күні сағат 06:00-де Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан […]
Шымқала – тек қана туристерге жайлы өңір емес. Сонымен қатар шаһар кәсіпкерлер үшін де ыңғайлы қаланың бірі. Себебі мұндағы индустриалды аймақтар мен арнайы экономикалық аймағы бизнес өкілдеріне көптеген мүмкіндіктерді ұсынып отыр. Бизнеске жасалған жағдайдың арқасында […]
Пікір қалдыру