Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен сегізінші шақырылымдағы қала мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті. Күн тәртібінде 2024 – 2026 жылдарға арналған қала бюджетін нақтылау, абаттандыру мәселелері қаралды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Е.Есқараев бірінші мәселе бойынша баяндама жасады.
Қала бюджетін нақтылау барысында бюджет көлемін 30 млрд теңгеге ұлғайту ұсынылды. Бірінші кезекте халықтың өзекті мәселелерін шешетін шығындарға басымдық берілді. Жалпы нақтылау нәтижесінде, мегаполис бюджетінің көлемі қазіргі 735 млрд теңгеден 764 млрд теңгеге дейін артатын болады.
Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ә. Оңғар қала аумағын абаттандыру бойынша экологиялық қолайлы және тартымды орта құру бағытындағы жұмыстардың қағидасын бекітуді ұсынды. Депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, маңызды шешімдер қабылданды.
Сессия соңында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мәслихат депутаттарын өзекті мәселелерді шешуде азаматтармен кездесіп, бұл бағыттағы жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды.
Шымкент қаласы Қаратау ауаданы Тұран шағын ауданындағы Омбы көшесінің тұрғындары көше бойын тазалап, ағаш отырғызу жұмытарын қолға алған. Бұл жайлы Омбы көшесінің тұрғындары қала әкімі Ғабит Сыздықбековпен кездесу барысында айтты. «Шынымды айтсам әкімдерге шағым емес, […]
Пневмониямен ауырып көз жұмған анасының өліміне медицина қызметкерлерін кінәлаған Айжан Ергешованың шағымы негізінде Шымкент қаласы әкімдігі арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі болған жайды анық-қанығын нақтылауға […]
Во время встречи с жителями города Шымкента, особенно в районе Аль-Фараби, аким города Габит Сыздыкбеков обсудил вопросы охраны природы и улучшения экологии города, в частности, необходимость увеличения числа аллей и парков. Эти предложения от горожан […]
Пікір қалдыру