— Қаламызда 5 аудан болғандықтан рет-ретімен кезегімен өтеді. Бүгін Әл-Фараби ауданының кезегі. Сол себепті ең қоқыс көптеу деген аймақты таңдап отырмыз. Осы акцияның нәтижесінде тұрғындарға да ой саламыз деген үміттеміз. Олар да келесі акцияларда бізбен бірге шығады деген ойдамыз.
Қанша жерден тазалық шаралары жүргізіліп жатса да артынша қоқыстар пайда болып жатады. Бұған сол жерде тұратын тұрғындар кінәлі. Сондықтан тұрғындар арасында тұрғылықты жерін таза ұстап, ластануға жол бермеу, айналаны көгалдандыру жұмыстарына жұмыла атсалысатындай жаңа көзқарас қалыптастыру бағытында жұмыстар атқаруымыз қажет секілді. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғат анаға деген қамқорлықты қалыптастыру, тазалыққа үлес қосу-әрбір азаматтың міндеті деп білемін.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, “Таза Қазақстан” экологиялық акциясына біркісідей үлесімізді қосайық. Өзіміз тұрып жатқан өлкеміз бен ауламыздың, көшеміздің тазалығына жауапкершілікпен қарап, ауласынан шыққан қоқыстарды, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген жерге, ретсіз төгуге болмайтындығын, айыппұл салынатындығын ескертейік.
Жалпы көшең, ауылың, туған өлкең таза болса, жүзің жарқын. Көрікті әрі жасыл желек жамылған өңірде кімнің тұрғысы келмейді. Олай болса, көктемгі тазалық жұмыстарына белсене қатысып, ауламыз бен көшемізге ағаш отырғызып, сенбіліктерге жұмыла қатысып, өзгелерге үлгі көрсетейік.
Пікір қалдыру