ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ТҰРАН АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

«Таза бейсенбі» шарасы Шымкент қаласы Тұран ауданында жалғасын тапты.«Amanat» партиясы қалалық партиясының мұрындық болуымен өткен шараға Жастар рухы, Ардагерлер кеңесі және бірқатар қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен белсенділер атсалысты. Акцияға жалпы 100-ден астам адам қатысты.
«Таза бейсенбі» экологиялық шарасы аясында Гагарин көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары қоқыстан тазартылды. Аулалардағы бейберекет өскен шөптер орылып, қураған бұтақтар мен өзге де күл-қоқыстар жойылды. Сондай-ақ, үйлердің алдында орналасқан орындықтар сырланып, жаңаланды.
«Таза бейсенбі» шарасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды. Аталған шара маусым айынан бері әр бейсенбі сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінге дейін 20 тоннаға жуық қоқыс қала аумағынан шығарылған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*