Түркістан қаласында 16-19 қыркүйек күндері олимпиадалық стандартқа сай жаңа ескек есу арнасында параканоэда есуден (тірек-қимыл аппараты зақымдалғанадамдарға арналған ескек есу түрі) Қазақстан Республикасының Ашық Кубогін сарапқа салған жарыс аяқталды.
10 түрлі бағдарлама бойынша өткен жарысқа көршілес Өзбекстан, Астана, Шымкент, Қарағанды және Түркістан облысының параканоэшілері қатысып, өзара мықтыны анықтады. Тартысқа толы бәсекенің нәтижесінде Түркістан облысының құрамасы 3 алтын, 1 күміс медальді иеленсе, Астана қаласының командасы 1 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдеге қол жеткізді. Ал Шымкент қаласының спортшылары 2 алтынды өз аттарына жазса, өзбекстандық құрама 4 алтын, 6 күміс және 4 қола медальді еншіледі. Сондай-ақ, Қарағанды спортшылары жалғыз қоланы місе тұтты.
Спорттық бәсекенің жабылу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, сайыс қорытындысында жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларды құттықтады. Сондай-ақ аталған жарысқа Халықаралық байдарка және каноэда есу федерациясының (ICF) вице-президенті, спорттық басқару профессоры Сесилия Фариас арнайы келді. «Түркістандағы ескек есу каналында алғашқы сайыс ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Бүгінгі бәсекеге еліміздің басқа өңірлерімен қатар көршілес Өзбекстаннан спортшылар қатысып отыр. Түркістан облыс әкімдігі тарапынан спорттық жарыстарға қолдау көрсету жалғасады. Ескек есу каналының құрылысы толық аяқталса, Орталық Азиядағы үздік спорт кешендердің бірі болмақ. Мұнда ескек есу спортынан жарыстар өткізіп, туризмді дамытуға мүмкіндік тумақ. Облысымызда спорт саласындағы жетістіктер арта берсін», – деді облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына рухани және тарихи орталық ретіндегі ерекше мәртебе мәселесін көтеріп, тиісті тапсырма берген болатын. Осыған байланысты жаңа заң жобасы әзірленді. Заң жобасы 4 тараудан және 15 баптан тұрады. Мақсаттары мен […]
Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы» 2021 жылы жұмысын бастаған болатын. Клуб жұмысын бастағалы бұқаралық спортты дамытуда бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Тұрғындардың қатысуымен «Денсаулыққа қарай 10000 қадам», «Спорт- Денсаулық кепілі» сынды бүкілхалықтық жүгіру марафондары […]
UEFA талаптарына байланысты 2024 жылдан бастап еліміздегі барлық стадионның астында жылу болуы керек. Ел стадиондарына деген талаптың күшеюіне орай UEFA-ның халықаралық талаптарына сай «Turkestan-Arena» стадионында жылыту және су бұру жүйелері орнатылды. Сондай-ақ алаң толық ауыстырылып, […]
Пікір қалдыру