Биыл қала аумағында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 1 млн дана қызғалдақ гүлі егілді. Отырғызылған гүлдердің жалпы аумағы 40 мың шаршы метрді құрайды. Affaire, Albatros, Avant Garde голландиялық қызғалдақ түрлері айналма жолдарға, Бәйдібек Би, Назарбаев, Қабанбай батыр даңғылдарына, №1 Автожол, Гагарин көшесі мен магистралды көшелердің жол жиектеріне, бұрылыстар мен жол айрықтарына отырғызылды.
Көгалдандыру шаралары Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасы мен мемлекеттік — жекешелік әріптестік аясында жасалды.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгінде мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. Көгалдандыруға және абаттандыруға байланысты әзірленген арнайы бағдарламаға сәйкес, 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салынады. Биыл сәуірдің басында қалада «жасыл белдеу»аумағы белсенді түрде ұлғайтылып жатыр. Мегаполистің көптеген аудандарында қазірдің өзінде миллиондаған қызғалдақтар гүлдеп жатыр. Қазір мегаполистің бес ауданында бес жеке фирма көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы мақсатта әр ауданда аудан көлеміне және жұмыс көлеміне байланысты күнделікті санитарлық жұмыстарға 200-ден 300-ге дейін адам және бірнеше ондаған техника жұмылдырылды.
Биыл аудан аумағында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 20 балалар ойын алаңшасы мен 2 заманауи спорт алаңшасын салу жоспарланған. Қазіргі таңда Самал-3 шағынауданындағы Абдраманов көшесінде спорт алаңы тұрғындарға пайдалануға берілді. Мердігер мекеме — «BAK Construction […]
ҚҰНЫ ҚЫМБАТ ЖЕҢІС БҰЛ! Қымбатты шымкенттіктер! Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл ардагерлері! Баршаңызды қатар келген қос айбынды мереке – 7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейлі мерекесімен шын жүректен […]
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов қала тұрғындарымен бірге Қайнарбұлақ (екінші кезең), Тассай және Еламан тұрғын алаптарын, сондай-ақ Тассай индустриялық аймағын газдандырудың екінші кезеңі аясында бірқатар кәсіпорынды көгілдір […]
Пікір қалдыру