Қаламызда жыл сайын көшелер мен аулаларды абаттандыру бағытында үлкен көлемдегі жұмыстар жүргізілуде. Көпқабатты үйлердің аулаларында жаңа спорт және балалар ойын алаңдары салынып, тұрғындардың жайлылығы мен қолайлығын арттыру үшін түрлі шаралар жүзеге асырылуда.
Өкінішке қарай, қазіргі таңда балалар мен спорт алаңдарының сақталуы өзекті мәселеге айналып отыр. Қала тұрғы ретінде сіздер ауладағы тазалыққа мән беріп, балаларды ойын алаңдарының жабдықтарын ұқыпты пайдалануға үйретуге ерекше көңіл бөлулеріңіз қажет. Көп жағдайда алаңдардың бүлінуіне тұрғындардың жауапсыздығы мен құралдарды дұрыс пайдаланбауы себеп болып жатады.
Қала әкімі «баршаңызды аула мүлкіне ұқыптылықпен қарап, қамқорлық танытуға шақырамын. Егер вандализм әрекетінің куәсі болсаңыз, бейжай қарамай, құқықбұзушылықтар туралы дереу полицияға хабарлауыңызды сұраймын.», — деді.
Осыған орай , Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шекпеген облыстар мен қалалардың әкімдеріне елді мекендердің көшелерін тазарту, ағаш отырғызу және аумақтарды абаттандыру науқанын бастауды тапсырған болатын. Осыған сәйкес Шымкент қаласында «Таза қала үшін» акциясы басталды. Мегаполистің барлық аудандарында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Шымкент қаласында әлеуметтік төлемді алу үшін өтінім берген азаматтардың 274 976-сына өтініші қанағаттандырылды. Төтенше жағдай режимі кезеңінде ел билігі әрбір азаматты қамқорлықсыз қалдырып жатқан жоқ. 2020 жылғы 6 мамыр, сағат 9-дағы мәлімет бойынша Шымкент қаласы […]
Қала көшелері тазаланып, шырайы кірген сайын тұрғындардың сенбілікке деген көзқарасы түбегейлі өзгергендей. Қоғам қайраткерлері, жас еріктілер сонымен бірге сол аумақтың тұрғындары да шақыртусыз шығатын болған. Кезекті тазалық шарсы Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында қарасты Забадам елді […]
Шымкент қаласында тағы 4 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бүгін 10-мамыр күні 4 жағдай тіркелді (10.05.2020 жылғы сағат 13:00-дағы мәлімет бойынша). Аты жаман індеттің тырнағына іліккендердің үшеуі жұқпалы респекторлы вирусты инфекциясымен дәрігерлерге қаралған. Вирус жұқтырған 1987, […]
Пікір қалдыру