Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Астана қаласына арнайы іссапармен барды. Онда «Sovico Group» компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхан Хунг мырзамен және компания делегациясымен кездесу өтті.
Кездесу барысында Түркістан облысының әкімдігі мен «Sovico Group» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Жүздесуде Түркістан қаласының халықаралық әуежайын дамыту перспективалары, жаңа авиакомпанияларды тарту, қосымша әуе бағыттарын ашу, инфрақұрылым нысандары мен көліктік-логистикалық хаб салу және облыста туризмді дамыту мәселелері талқыланды.
Sovico Group — Вьетнамның 1990-шы жылдары негізі қаланған жетекші инвестициялық тобы. Компания қаржы, банк ісі, авиация, жылжымайтын мүлік, энергетика және цифрлық трансформация саласында жұмыс істейді. Соңғы жылдары компания көлік-логистика, қаржы, мұнай-газ және тау-кен секторларында келісімдер қабылдап, Қазақстанмен өзара ынтымақтастығын белсенді дамытып келеді. Сондай-ақ Sovico Group 100% акция пакеті Самұрық-Қазынаға тиесілі қазақстандық «QAZAQ AIR» АҚ әуе компаниясын сатып алуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта вьетнамдық инвестормен әуе компаниясының акциялар сату мәмілесінің соңғы талаптары пысықталып жатыр.
Айта кетейік, Түркістан облысының аудан, қалаларында маңызды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Олардың құрылысы, инфрақұрылымына әкімдік тарапынан тұрақты қолдау көрсетіліп жатыр.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында судан зардап шеккен тұрғындарға арналып үйлердің құрылысы басталып кетті. Бүгін Қазақстан мен Өзбекстан Премьер министрлері жаңа шағынауданның құрылысын бастап берді. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінде ӨР […]
Түркістан облысында ветеринариялық іс-шаралардың 9 айлық жоспарына сәйкес, жануарлардың аса қауіпті 14 ауруына қарсы 28 млн 555 мың доза вакцина егілді. Бүгінгі таңда өңірде жануарлар арасында ветеринарлық ахуал қатаң бақылауда. Бүгін бұл туралы Түркістан облысы […]
Қоғамның тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – кез келген елдің басты мақсаты. Осы орайда бұл жауапты міндетті иығына артқан полиция қызметкерлерінің еңбегі өлшеусіз. Олар күндіз-түні тыным таппай, заңның үстемдігі мен тәртіптің сақталуы үшін аянбай […]
Пікір қалдыру