ЖЕТІСАЙДА ЖАҢА СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Жетісай ауданы Қарақай ауылдық округінде жаңа спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров пен ауыл ақсақалдары, спорт ардагерлері мен жаттықтырушылар қатысты. Ел ағалары ауыл балаларын зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды.
Спорт нысанының құрылысы өткен жылдың қазан айында басталып, ел игілігіне тапсырылып отыр. Онда ауыл балаларының бос уақыттарын тиімді пайдаланып, футболдан түрлі жарыстар өткізуге мүмкіндіктер қарастырылған. Ауыл ақсақалдары мен спорт ардагерлерінің батасымен лентасы қиылған алаңшада алғашқы жарыс 2010 – 2011 жылдары туған жасөспірімдер арасында өтті.
Спорт қолжетімді болғанда ғана бұқаралық сипат алады. Ал, бұқаралық спортты дамытумен ұлт саулығын нығайта түсеріміз анық. Ол үшін бар мүмкіншілікті пайдалана отырып аулаларымызды дамыта бермекпіз,- деді шаһар басшысы. Бұқаралық спорт дегеніміздің өзі – спортпен жүйелі шұғылда­натын адамдар мен спорт түр­лерінің дамуы. Экономикалық тұр­ғыдан дамыған елдер бұл көр­сеткішті 30 және одан да көп пай­ызға жеткізуге ұмтылуда. Сала­мат­ты өмір салтын насихаттап, халықты спортқа тарту аса ма­ңызды. Мұның адамның бойына күш-қуат құйып, рухани болмы­сын жаңғыртатын бірден-бір амал екені даусыз. Қазір бізде, Қазақстанның бар­лық өңірлерін қосқанда, жыл сайын 20 мыңнан астам спорттық шаралар өткізіледі. Бірақ, бұл – аз, жер-жерде: ауылдарда, үлкен­ді-кішілі қалаларда, сондай-ақ, кәсіпорындар мен ұйым-мекеме­лер­де тың бастамаларға жол ашу қажет. Жарыстар, спартакиадалар мен универсиадалар, басқа да спорттық бәсекелерді бір мезгілдік шара күйінде қалдырмай, жүй­елі, тұрақты, жыл сайын өте­тін дәстүрге айналдырғанымыз абзал. Және мұны әркім өзінен, өз шаңырағынан бастауы керек. Спортты дамыту үшін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі механизмін іске қосып, қаржылы кә­сіп­орындарды спорт нысандарын салуға, спорт саласын қар­жыландыруға тарту қажет. Спорттың дамуы, оның ішінде маңызды спорттық жетістіктер мем­лекеттің әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуіне де байланысты.
Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыу және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» мекемесінің ұйымдастыруымен өткен біріншілікте М.Байзақов атындағы жалпы орта мектебінің оқушыларынан құрылған «Жетісай спорт клубы» командасы жүлделі ІІІ орынды иеленсе, М.Мәметова атындағы мектептің теңбіл доп шеберлері ІІ орынға табан тіреді. Ал, І орынды қанжығасына байлаған «Жетісай спорт клубы» құрамасы біріншіліктің жеңімпазы атанды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*